Балалардың бірлік, ынтымақтастық,достық туралы түсініктерін кеңейтіп,
көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға
тәрбиелеу.
Әдемі әуен ойналады. Зал шарлармен «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ» сөздерімен безендірілген.
Жүргізуші:
Тілі басқа, тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшлік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Құрметті балалар, әріптестер!
Сіздерді 1- Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Бірлік бар жерде- тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз дамып келеді. Еліміз өркен жайып, әрбір шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін.
Біздің Республикамызда 100-ден аса ұлт өкілдері тұрады. Қазақстандағы барлық ұлттар бір-бірімен дос, тату-тәтті өмір сүреді. Ендеше,осы достық мерекесіне арналған ән-жырларымызды бастайық.
Хор: «Достық » әні
Жүргізуші:
Енді балаларымыздың 1 -мамырға арналған жыр шумақтарына кезек берейік.
Айлин:
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.
Қымбат:
Достық – шырағымыз,
Достық – ұранымыз.
Достық туымыз,
Достық әніміз.
Ляйсан:
Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын.
Бақыттымын әлемде
Ұмытылмас асылмын.
Расул:
Бейбітшілік ұраны,
Жарқыраған алтын күн.
Ән қанатты қыраны
Еркіндігі халқымның.
Жансейіт:
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата-бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.
Аянат:
Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отаным – Қазақ елім
Ұлдана :
Ортақ болып ісіміз,
Еңбек десе тынбаймыз.
Үлкен сыйлап кішіміз,
Аға ақылын тыңдаймыз.
Айым:
Жасампаз жыр — әнім,
Өзіңсің ғажапстан .
Өсиет, ұраным,
Отаным –Қазақстан
Мерейлім:
Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын кеңге ашқан.
Тілегіміз әділдік!
Ашық болсын кең аспан!
Аяна:
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз!
Асылым:
Бір шаңырақ астында
Тату-тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Кәусар:
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Айлин Нұрланқызы:
Кең-байтақ жеріміз,
Татулық тұрағы.
Бауырмал еліміз,
Ынтымақ ұраны.
Айзере:
Жаңғыртып даланы ,
Шырқап ән салады.
Халықтар достығы –
Бірліктің қамалы.
Ясин:
Қызыққан шартарап,
Береке – тірлігі.
Құрған сән-салтанат,
Жарасқан бірлігі.
Дана:
Берік болса бірлігім –
Биік болар жұлдызым.
Бақытты боп ұл-қызым,
Күлімдесін нұр-жүзім.
Айбике:
Қанатымыз талмасын,
Биіктерге самғасын.
Туған жерге ақындар,
Жақсы өлеңін арнасын.
Айбатыр:
Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер!
Жүргізуші:
Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,
Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,
Өзбек менің өз ағам – дейді қазақ
Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген
Қазақ биі
Өзбек биі
Орыс биі
Көрініс:«Бірлік»
Жүргізуші:
Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт балаларына бір бума шыбықты сындыруға ұсынады. Балалары көп әуреленіп, бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оңай сынады.
Қария:
— Бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді.. Ал жеке-жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.Бірлік бар жерде-тірлік бар деген осы,балаларым.
Жүргізуші:
Ән-жыр десе көмейі бүлкілдеген,
Ақ маржандай көңілі үлпілдеген,
Өзбек менің өз ағам – дейді қазақ
Дастарханнан дәм-тұзы бөлінбеген
Хор: «Ағайынбыз бәріміз»
Жүргізуші: Қазақстанымыздың қуаттылығы мен басымызға қонған бақытымыз бірлігіміздің татулығын арттыра берсін, бейбітшілік мәңгі ажырамас серігі болсын! Бұл мереке бізбен бірге ғасырларға ұлассын! Бейбіт аспан астында достығымыз нығайып, еліміз өркендей берсін деген тілекпен бүгінгі «Айгөлек» ортаңғы тобының ертеңгілігін аяқтаймыз.