Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Жас   дәурен»   бөбекжай –  бақшасы

 

«Балапан  кіші   тобының    балаларымен   өткізілген  мерекелік  

 ертеңгілік

Тақырыбы : «Достықты     жырлаймыз!»

 

 

Өткізген  тәрбиеші:  К.Есказиева

 

2024  жыл

 

 

Мақсаты

 

              Балаларға  қазақстан  халықтарының бірлігі мен достығы туралытүсінік  беру.   Елімізді   мекендейтін     басқа   ұлт   өкілдерін

сыйластықпен,  салт дәстүріне   құрметпен қарауға   тәрбиелеу.

Тақпақтар айту арқылы сөздік қорларын    дамыту.

           Көрнекілігі:   суреттер,  шарлар.

 

Тәрбиеші: 1 –Мамыр  қазақстан  халықтарының бірлігі   мерекесі   құтты   болсын. Достығымыз, ынтымақтастығымыз арта берсін. Бірлік мерекесі құтты болсын!

Дендерің сау , аман есен өсіп , өркендей беріңіздер. Балапан  тобының «Достықты  жырлаймыз»  атты мерекелік  ертеңгілігін бастаймыз.

Аяна:

Бір  шаңырақ  астында

Тату тәтті  тұрамыз.

Бірге  ішеміз  астыда

Бірге сайран құрамыз.

Көзайым:

Мамыр  айын мына біз.

Ең жақсы ай деп білеміз.

Айнала  гүл-гүл  жайнайды.

Бақшада бұл-бұл  сайрайды.

Ясмина:

Көктем  келді  май  келді.

Шақырады тойға  елді

Бізбенен  қол ұстасып

Кел бірге жүр, жақсы  май.

 

Ұлжан:

Сүйекті  көркем  ай  келді.

Мереке  келді , май келді

Көкте тұрды , күн күліп

Көктем  келді  құлпырып

 

Раяна:

Жүргендерде  ауылда ,

Құттықтады бір-бірін .

Ортақ  барлық  қауымға,

Мерекелі  күн бүгін.

 

Омар:

Қала   ерте  оянды.

Күлді ағам, күлді інім

Көше  нұрға  боянды

Мерекелі  күн бүгін.

Ән: « Кең   дала»  хор.

Ән: « Балабақша»

Би: орыс биі Қыздар  тобы

Ән: «Достық»

Осы мен  мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Сау  болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

.