Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Балаларды  мейірімділікке, ананы құрметтеуге,  аналардың өлшеусіз еңбегін   бағалай   білуге   баулу.  Ананың  аялы  алақаны  арқылы  сүйіспеншілік  сезімдерін  дамыту,  ананы құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сазды  әуенмен  балалар  залға кіреді.

Тәрбиеші. Аяулы   апайлар,   аналар  мен  әжелер, бүлдіршін   қыздар сіздерді  8 –наурыз  мерекесімен  құттықтаймыз!

Құттықтау сөз  бөбекжай  — бақшасының   меңгерушісі:  Қарлығаш  Құрманбайқызына  беріледі

 

Тәрбиеші: Армысың  әжелерім,  аналарым

Мейірбан аппақ  көңіл даналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен.

Құттықтайды   сіздерді  балаларың.

Айым: Құртпен  майын жинаған,

Балаларға  сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын  жыр маған.

Ж.Көзайым:  Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен  бас иеміз.

Аяна:  Әлпештеген баласын

Ана бақыт, ана күн.

Әркім сүйіп  өзінің

Мақтан  етер  анасын.

Ән: «Апам  үшін»  Орындайтын:  қыздар   тобы.

Омар: Бізді өсірген апатай

Еңбегіңде  зор екен.

Құтты болсын  апатай .

Құтты   болсын  мерекең.

Қ.Көзайым:  Анашым анам.

Ризамын  саған

Тіліңді   алам,

Ақылды болам.

Ясмина:  Теңдесі жоқ  данасың.

Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді   ақтайын

Аман болсшы  анашым.

Ән:  «Ақ   әже»   орындайтын :  Қыздар    тобы.

Раяна: Әр сөзіңді    жаттаған

Жүрегімде   сақтаған

Анашым деп  мақтанам

Айналайын   ақ мамам.

Ән:  хор «Ақ мамам»

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға   рахмет. Сау болыңыздар.