«Жас дәурен» бөбекжай – бақшасы
«Балапан кіші тобының балаларымен өткізілген мерекелік
ертеңгілік
Тақырыбы : «Достықты жырлаймыз!»
Өткізген тәрбиеші: К.Есказиева
2024 жыл
Мақсаты:
Балаларға қазақстан халықтарының бірлігі мен достығы туралытүсінік беру. Елімізді мекендейтін басқа ұлт өкілдерін
сыйластықпен, салт дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Тақпақтар айту арқылы сөздік қорларын дамыту.
Көрнекілігі: суреттер, шарлар.
Тәрбиеші: 1 –Мамыр қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі құтты болсын. Достығымыз, ынтымақтастығымыз арта берсін. Бірлік мерекесі құтты болсын!
Дендерің сау , аман есен өсіп , өркендей беріңіздер. Балапан тобының «Достықты жырлаймыз» атты мерекелік ертеңгілігін бастаймыз.
Аяна:
Бір шаңырақ астында
Тату тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз астыда
Бірге сайран құрамыз.
Көзайым:
Мамыр айын мына біз.
Ең жақсы ай деп білеміз.
Айнала гүл-гүл жайнайды.
Бақшада бұл-бұл сайрайды.
Ясмина:
Көктем келді май келді.
Шақырады тойға елді
Бізбенен қол ұстасып
Кел бірге жүр, жақсы май.
Ұлжан:
Сүйекті көркем ай келді.
Мереке келді , май келді
Көкте тұрды , күн күліп
Көктем келді құлпырып
Раяна:
Жүргендерде ауылда ,
Құттықтады бір-бірін .
Ортақ барлық қауымға,
Мерекелі күн бүгін.
Омар:
Қала ерте оянды.
Күлді ағам, күлді інім
Көше нұрға боянды
Мерекелі күн бүгін.
Ән: « Кең дала» хор.
Ән: « Балабақша»
Би: орыс биі Қыздар тобы
Ән: «Достық»
Осы мен мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Сау болыңыздар.
.