« Жас дәурен бөбекжай-бақшасы »
« Айгөлек » ересек тобының балаларымен өткізілген мерекелік ертеңгілік.
Тақырыбы: «Қарттарым — асыл қазынам»
Өткізген тәрбиеші: А. Есмуханова.
01.10. 2024 жыл
Мақсаты:
Балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: 1-қазан Қарттарым асыл қазынам Қанатты сөздер: «Қарты бардың қазынасы бар».
«Ата — анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің».
«Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр азайып қариялар»
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас — көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарым – асыл қазынам» мерекемізге хош келдіңіздер.
Қадірлі ата – әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер..
Хош келіпсіз ақжаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары Балалар, бүгін ата — әжеміздің аулына жайлауға барғыларың келе ме?
Олай болса, кешімізді орындауындағы «Біз жайлауға барамыз» әнімен ашамыз.
(Балалар ата — әженің аулына барады. Олармен амандасады)
Әже: Балаларым, амансыңдар ма, қош келдіңдер. Төрге шығыңдар. Сендер алыстан шаршап келеді деп, мен сендерге арнап, дәмді бауырсақ пісіріп, шұбат дайындап қойдым. Қане, ауыз тиіңдер.)
Ауылымыздың қарт зейнеткер Маржан әжемізге сөз береміз.
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Той деп бүгін әлем сырын ашады.
Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап балдай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
Балалар: — Әже сіздің қолыңыздағы не нәрсе?
Әже: Бұл құрақ көрпеше. Мұнда көптеген ою — өрнектер бар. Мен оны безендіріп әдемілеп тігіп отырмын.
Бүлдіршіндеріміздің орындауында ән «Әжетайым» әнін қабыл алыңыз.
Ән: «Әжетайым»
Тәрбиеші:
Балалар әже деген қандай болады?
Балалар жауабы:
Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің қандай жақсы екен!
Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай керемет!
Кім өзінің әжесі туралы айтып береді?
Тәрбиеші: Ал сендер әжелеріңе арнап қандай өнерлеріңді көрсетесіңдер?
Диас: Мерекелеріңіз құтты болсын ата — әже!
Көкіректен жыр төгілмей жата ма!
Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің,
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
Ляайсан: Гүл — гүл жайнап бәріміз
Кірді біздің сәніміз.
Қарттарымызды тойымен
Құттықтаймыз бәріміз.
Айзере:Ақ жаулықты әжемді
Ай нұрына теңедім.
Әр ісінен үлгі алып,
Еркін өсіп келемін.
Аб дулғани: Қысылып еш саспаңдар
Қанеки ән бастаңдар.
Ата — әжелердің көңілін
Бір көтеріп тастаңдар.
Айллин Ата — үлкен кәріміз
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәрінде
Аяла: Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман — есен жүр әжем.
Ән: Менің әжем ақ әжем
Тәрбиеші
Баламның табанына кірген шөгір, менің маңдайыма кірсейші дейтін әжеміз үлгі өнеге көріп келе жатқан кішкентай тентектерімізді ортаға шақырайық.
Мерейлім:
Бесігіме бөлеп алып,
Сен тербетсең қалғимын.
Жүрегіме сіңіп жатыр,
Сенің айтқан әлдиің.
Әже: Ой, қандай керемет! Рахмет сендерге балалар.
Жәдігер:
Ақ жаулықты әжемді
Ай — нұрына теңедім
Әр ісінен үлгі алып
Еркін өсіп келемін
Қызғалдақ:
Мейірімді апалар
Балалар кеп бата алар
Қалтасына кәмпит сап
Немереге апарар
Маржан Әже:- Ой, балаларым, бәріңде өнерлі екенсіңдер. Бәрің де шаршаған боларсыңдар.
Бәріміз «Қошақаным!» әнін қосылып айтайық.
Бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап өз қолдарынан жасаған сыйлықтары бар.
Қабыл алыңыздар! Мереке соңында үлкен алғысымызды білдіре отырып, саналы ұрпағы бар елдің қариясы бақытты, дегендей, асыл жандарымызға ұзақ ғұмыр, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.
Тәрбиеші: Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған — дей келіп, мерекелік шараны аяқтай отыра «Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші Маржан әже бата, ізгі ниет — тілектеріңіз болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз. Естелік ретінде суреттерге түсу.