Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

« Жас дәурен » бөбекжай-бақшасы».

Өткізген тәрбиеші: Есмуханова.А.Ж.

 

  1. 10. 2024ж

  Мақсаты:
1. Балалардың отан, қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Залға « Ортеке » биімен « Айгөлек »  тобының  тәрбиеленушілерің қошеметпен шақырамыз.

Құрметті қоңақтар,бүлдіршіндер бөбекжай-балабақша

ұжымы!Баршаңызды 25-қазан Республика күні Ұлттық

мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.бүгінгі Айгөлек ересек тобының тәрбиеленушілердің « Қазақстан туған елім, ұлы өлкем» мерекелік тәрбие шарасына хош келдіңіздер!

Жылдың қай мезгілі?

Балалар қазан айында қандай мереке күндер барын білесіңдер?
Балалар:- Ұстаздар күні,
-Қарттар күні,
– Республика күні.
Тәрбиеші: Олай болса балалар! 25-қазан Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем» атты мерекелік тәрбие шарамызды бастаймыз.

Айллин:   Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.
Хор:Әнұран.
Тәрбиеші: Балалар арайлаған таңды сүйетін кім?
-Мен
Алтын сәулені сүйетін кім?
-Мен
Жарқын даланы сүйетін кім?
-Мен
Ата-ананы сүйетін кім?
-Мен
Досын сүйетін кім?
-Мен
Болашағы елімнің кім?
-Мен
Кәне балалар Отан деген не? Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.
Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
-Біздің отанымыз Қазақстан.
Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
-Біздің бас қаламыз Астана.

Біздің Президентіміз кім?
Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
Ту, Әнұран, Елтаңба.
Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.
Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз.
Балалар кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік.
Ойын: киіз үй макетін құрастыру.
Уықты мен көтердім Жұмысты біз тындырдық..
Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жақсы мақал-мәтелдер айту,елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.
Диас       Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың ,
Қазақстан ардақтым.
Жәдігер: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.

Назмейір: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
Қасым:  Отан от басынан басталады.
Отан оттан да ыстық.
Хор: Тәуелсіздік ел ұраны!
Інжу: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған.
Аруназ:  Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.
Ясин     Заман жаңа заң жаңа,
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам өз ордам,
Сүйенерім сен ғана.
Ляайсан: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құсты үні бар.
Ою басқан мөп-мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы бар.
Абдулғани: Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,
Қажетіне өзгенің өлшемінің.
Айбарлы елдің ұлымын, айтаңбалы.
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Мерейлім.:  Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.

Омар;  Отан –сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың

Отан –өлкең,астанаң,

Отан-аудаң, ауылың.

Асылым: Отан-тарих,Отан-тіл

Жасағаң елің, ерхалқың.

Отан-өлең, Отан- жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Айым: Әйнегі – күн,

Шатыры – аспан,

Кең далам асқақ.

Төсі толған егін,

Көлдері күміс шашқан,

Қазақстан – республикам менің!

Қызғалдақ; Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көгілдір

Ортада аспан әлемі.

Айзере:    Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Көзайым:  Құт, береке – шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Кәусар       Отан – жерім,

Отан – суым.

Отан қуат,нәр береді.

Отан – ұран,

Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Омар :      Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Назмейір:  Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас.
Айсезім:   Көк байрағы бабамның-

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке- баланың-

Қазақстан жалауы.

Аяла:   Отаным менің Қазақстан

Атыннаң сенің айналам.

Бас иіп саған өтемін,

Жасай бер жаса Қазақстан.
Ойын: Балалар енді «Тақия тастамақ» ойынын ойнайық.

Фазлдарды құрастыру.( Астана,Бәйтерек, тб)

Шығармашылық: тудың ортасындағы күннің бейнесін ермексазбен безендіру.
-Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз.
Енді балалар тәрбиеленіп жатқан бала бақшамыз туралы
Тақпақ айтып жіберейік.

Аяна:

Бала бақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз.

Ән Балабақша, балабақша!
Ән: Көк тудың желбірегені:
Қорытынды:

Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің – дей отырып,
Құрметті қонақтар, балалар осымен Республика күніне арналған
«Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Тамашалағаңдарыңызға көп көп рахмет! Сау болыңыздар!