«Жас дәурен» бөбекжай – бақшасы»
«Күншуақ» ортаңғы тобы тәрбиеленушілерімен өткізілген
«Қош келдің, Жаңа жыл!»
ертеңгілігі
Өткізген тәрбиеші: Г.Г.Силыханова
Желтоқсан 2024 жыл
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, достарына мейірімді және көмек көрсетуді ұғындыру.
Кейіпкерлер: Қасқыр, қоян, түлкі, аққала, аяз ата, ақшақар.
Көрнекіліктер: Ақ ұлпа қарлар,корзиналар,шыршаны безендіруге арналған ойыншықтар,жыртық қапшық, сәбіз мұрын.
Жаңа жылға сай безендірілген залға балалар әсем әуенмен қол ұстасып залға кіреді.
Жүргізуші: Жаңы жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Бақыт,шаттық,молшылық пен тыныштық,
Бәрімізге ала келсін жаңа жыл — Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,Жаңа жыл барлығымызға жаңа табыстар мен бақыт алып келсін. Бүгінгі біздің “Күншуақ”ортаңғы тобының «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Олай болса, бүгінгі жаңа жылдың басты қонағы Аяз ата мен Ақша қарды шақырайық.
Көңілді әуенмен қасқыр мен қоян кіреді. /корзинада шыршаның ойыншықтары бар/
Қоян:Сәлеметсіңдер ме балалар!
Балалар: Сәлеметсізбе!
Қасқыр: Сәлеметсіңдерме достар!
Балалар: Сәлеметсізбе!
Қоян: Балалар неткен әдемісіңдер! Шыршаларыңда әдемі. Бақшада жаңа жылдық мерекені тойлайтынын біліп,шыршаны безендіруге,сендерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, жаңа жылмен құттықтап, мерекені сендермен бірге қызықтауға келдік.
Қасқыр: Біз қоян екеуіміз,
Келдік әсем шыршаға.
Безендіріп ортаны.
Жыл қуантсын баршаны,
Ән салайық балалар!
Той-маскарад басталды.
Ән: «Жаңа жыл»
Қоян: Жарайсыңдар, балалақайлар! Бір сергіп көңіліміз көтеріліп қалды. Достар олай болса біз алып келген ойыншықтармен шыршамызда безендіріп, шамын жағайық.
Ойын: «Шыршамызды жарқырат»
Ойынның шарты: әр бала корзинада тұрған ойыншықтан бір-бірлеп алып, шыршаға іледі.
Қасқыр: Балалар, бәз шыршаны безендірдік, бірақ бәрі бір бір нәрсе жеткіліксіз болып тұр. Қалай ойлайсың, қоян? Неге шыршамыз көңілсіз?
Қоян: тоқтаңыз!тоқтаңыз!
Шыршаға көз саламыз.
Шырша бүгін көңілсіз,
Шамдарын қане жағыңыз.
Олай болса, сыйқырлы сөзді бірге қайталаймыз. «Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат»/ балалармен 3 рет қайталап,шырша шамын жағу/
Жүргізуші:Шыршаны безендіріп, шамын жағып, енді әсем шаршамызбен, көңілді қонақтарымызбен аяз атаны шақырсақ болады. /боранның дыбысы естіледі/
Жүргізуші: мәссаған, аяз ата борандатып келе жатыр ғой.
/Боранның дыбысымен аққала келеді/
Аққала: Құтқарыңдар, құтқарыңдар! /қорыққан дауыспен, ентігіп/
Жүргізуші: Сәлеметсің бе,Аққала не болып қалды?
Аққала: сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Ақ қала: Мен қорыққанымнан ештеме айта алмай тұрмын.
Жүргізуші: Аққала сен ентігіңді бас, біздің балалармен көңілді ән орында, мүмкін сол кезде қорқынышың басылып, не болғанын айтып, бізге түсіндірерсің.
Аққала: Жарайды.
Ән: «»
Жүргізуші: Ал, аққала қорқынышың басылды ма?
Аққала:Балалар, сендерге жолықпағанымда мен әлі қорқып жүре берер едім. Достар мерекеге келе жатқан жолда түлкі менің сәбіз мұрнымды тартып алды.
Жүргізуші:Түлкі? Ол сәбіз жейдіме балалар?
Балалар: Түлкі сәбіз жемейді.
Жүргізуші: Енді аққаланың сәбіз мұрынын қалай тауып берсек екен?/Шыршаны безендіріп жатқан қоян мен қасқыр ортаға келіп/
Қоян:Енді не істейміз? Қалай көмектессек болар екен?
Қасқыр: Қоян біз ол қу түлкіні ұстап, олай болмайтынын түсіндіріп, аққаланың сәбіз мұрынын қайтару керек екенін айтып түсіндірейік. Аққала сен уайымдама, сәбіз мұрыныңды өзіңе қайтарамыз. /Әуенмен қоян екеуі залдан шығып кетеді/
Жүргізуші: Балалар, біз әрі қарай аққаланың көңілін көтеріп, мерекені әрі қарай жалғастырамыз. Көңілді жігіттеріміздің биін тамашалайық.
Би: «Джингл белс»
/Әуенмен ешкімді менсінбей түлкі келеді/
Түлкі: ой,ой,ой! Қол соғып қарсы алдыңдар,
Мен дей сұлу ханымды,
Сендерге ұнау үшін,
Мен саламын барымды. Сәлеметсіңдер ме!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Жүргізуші:Сәлеметсіз бе,Түлкі қош келдің, неге аққаланың мерекелік көңіл күйін бұзып, сәбіз мұрынын алып қоясың?
Түлкі: Мен алып қойған жоқпын, Аққала өзі сыйлады?
Аққала: Түлкі сен неге өтірік айтасың? Мен сыйлаған жоқпын ғой?
Түлкі: А… Аққаласенде осында ма едің?
Жүргізуші: Түлкі балалардың мерекелік көңіл күйін бұзбай, аққаланың сәбіз мұрынын қайтар. Сен оны бәрі бір жемейсің ғой.
Түлкі:Онда менің бірнеше шарттарым бар,соны орындасаңдар Аққаланың сәбіз мұрынын беремін.
Жүргізуші:Ол қандай шарт? Біздің балалар досына көмекесулері үшін барлық шартыңды орындайды. Солайма балалар?
Балалар: Әрине!
Түлкі:бірінші шартым менімен ойын ойнайсыңдар, егер сол ойында мені жеңсеңдер, келесі шартымды айтамын.
Жүргізуші:Балалар, аққалаға көмектесу үшін ойын ойнап, түлкіні жеңемізбе?
Балалар:әрине!
Түлкі: Олай болса, ойынның шартын тыңдаңдар. Мына менің қапшығымнан бәрің өтесіңдер, кім қапшықта қалып қояды,сол балалны алып кетіп, орнына аққаланың сәбіз мұрынын беремін. Ойынның шарты түсінікті болса,бастаймыз. /Қапшық жыртық болып, балалар келесі жағынан шығып кетеді. Ойынға барлық балалар қатысады/
Ойын: «Түлкіден құтылу»
Түлкі: Мәссаған, мына қапшық жыртық екен ғой, жамауды неге ұмыттым екен,а?
Жүргізуші: Ал, түлкі балалар бұл шартыңды оп-оңай орындап шықты келесі шартыңды айта бер.
Түлкі: Менің енді би билеп көңілімді көтергім келеді.
Жүргізуші: би дейсің бе? Би деген біздің балалардың ең сүйікті ісі ғой билейміз бе балалар?
Балалар: әрине!
Бала:Жаңа жылым келгенде,
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз ата келгенше,
Қане, билейік баршамыз!
Би: «Көңілді флэшмоб» барлығы билейді
Жүргізуші: Түлкі саған би ұнады ма? Шартың орындалды деп есептейсің бе?
Түлкі: Әрине көңілім көтеріліп қалды, бірақ сәбіз мұрынды берсем сендер менімен дос болмай қосыңдар ғой.
Жүргізуші: Түлкі, ол не дегенің біздің балалар мейірімді,сенімен дос болуға,достыққа шақыруға әрқашан дайын. Балалар кісінің затын алмас бұрын ең бірінші қалай сұрау керек?
Балалар: «Өтінемін»
Жүргізуші: Ал, ол кісі затын берген соң не деп айтуымыз керек?
Балалар: «Рахмет»
Жүргізуші: Енді бәрәмәз түлкіден сәбіз мұрынды сұрайықшы.
Балалар: «Түлкі өтінеміз»
/Түлкі өзін кінәлі сезініп, сәбізді Аққалаға береді/
Жүргізуші: Енді не деп айтуымыз керек, балалар?
Балалар: «Рахмет!»
Түлкі: Достар, мені кешіріңдерші, Өтінемін.
Балалар: Жарайды.
Түлкі: Рахмет, достар.
Жүргізуші: Міне, көрдің бе сен енді затты сұрағанда –өтінемін, затта алғанда-рахмет айтуды үйрендің.
Аққала: Достар, сендерге рахмет! Менің сәбіз мұрынымды алуыма көмектестіңдер.
Түлкі: Аққала мені кешірші мен енді олай жасамаймын. Керек затымды ендң тек сұрап алатын боламын.
Аққала: жарайды, түлкі біз енді доспыз /Құшақтасады/
Түлкі: Аққала жүр менің үйіме қонақ бол, мерекеге саған тәтті сыйлықтар мен жақсы көңіл-күй сыйлайтын боламын. Келесі мерекеде кездескенше сау болыңдар, достар! /Түлкі мен аққала қол ұстасып залдан шығып кетеді/
Әуенмен Ақшақар мен аяз ата келеді.
Аязата: Амансың ба ұлдарым!
Амансың ба қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың Балаларым бойларыңда өсіп, ақылдарыңда өсіп есейіп қалыпсыңдар!
Ақшақар:Сәлеметсіңдерме балалар?
Балалар: Сәлеметсіздер ме!
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, аяз ата, ақшақар біз сіздер келеді деп шыршаның шамын жағып, шыршамызды безендіріп қойдық. Шыршамыз жарқырап жанды. Аяз ата, шаршаған боларсыз? Келіңіз төрлетіңіз, балалардың тақпағын тыңдаңыз.
Тақпақтар:
1. Ержігіт:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Төгіліп жаңа нұр
Сыйлығын сүйретіп
Келді міне, Жаңа жыл
2. Раяна:
Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз
3. Жантөре:
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда, жаңа нұр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
4. Сапар:
Ән саламыз, биелп
Жырдан шашу төгілді
Бүгін біздің Жаңа жыл
Қандай қызық көңілді
5. Мағжан:
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жанашыр
Ата әже, әке ана
Құтты болсын жаңа жыл
6. Ясмина:
Кел балалар, тақпақты
Тақылдатып айтайық
Аяз ата таң қалсын
Сыйлық алып қайтайық
7. Таңсұлу:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Жаңа жылда ертегі
Келді біздің бақшаға
8. Перизат:
Аяз ата тыңдаңыз
Тақпақ айтып берейік
Ортамызда шыршамыз
Ойнап бірге жүрейік
9. Иса:
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оранып
10. Ерасыл:
Айдай ару Ақшақар
Көмекшісі сол екен
Аяз ата ақ сақал
Сыйлықтары мол екен
11. Бүгін біз көңілдіміз
Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерді
Құттықтаймыз ән салып
12. Фатима
Көрдің бе Аяз атаны
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен сақалы
Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып,
Жарқын-жарқын ән салып.
Жалғасады кешіміз,
Жаңа жылға арнап,ән салып.
Ән: «Шырша »
Ақша қар: қандай керемет ән, аяз ата шаршағаныңыз басылса балалардың ең сүйікті ойынын ойнасақ қалай қарайсыз? Балалар,ойын ойнағыларың келе ме?
Балалар: әрине, ойнаймыз.
Аяз ата: жарайсыңдар,балапандарым! Олай болса ойынның шарты бәрің шеңбер болып тұра қалыңдар. Әуен қосылғанда менің қолым тиген жерді тездетіп қолдарыңмен жауып үлгерулерің керек, жауып үлгерсеңдер қолым тиген жер үсімейді,ал үлгермесеңдер аязым шымшып алады. Келістік пе?
Балалар: әрине.
Ойын: «Аяздан қорған»
Ақша қар: ой,балалар ойын ойнап бір сергіп қалдық, Бірақ мен ыстықтап еріп бара жатқан секілдімін. Маған ыстықтауға болмайды, еріп кетемін.
Жүргізуші: әрине ақшақар біздің қыздар сені суытып, ақшақарлар биін билейді.
Би: «Ақ ұлпалар» /қыздар/
Ақша қар: рахмет, ақ ұлпалар! Қайта қалпыма келіп, қуанып қалдым!
Аязата:Жарайсыңдар балаларым, сендер сондай ақылды әрі көрікті, өнерлі екенсіңдер. Мен сонау алыс жолдан шаршап келгенде өнерлеріңді көрсетіп, көңілімізді көтердіңдер, сыйлық беруге әбден лайықты балалар екенсіңдер! Биылғы жылыда тәртіпті болып, ата-аналарыңа көмектестіңдер, меніңде сендерге арналған сыйлығымды таратып берейін. Балалар енді ескі жылмен қоштасатын уақыт келді. Балалар бізде ескі жыл қандай жыл болды ? Балалар: Ұлу деп жауап береді. Ұлу мен жылан бірге кіреді..Салеметсіңдерме балалар, салем қонақтар мені таныдыңдар ма? Балалар : ия сен Ұлусың Ұлу: Ал менің досымды таныдыңдар ма? Балалар: Жылан деп жауап береді Ия дұрыс айтасындар мен Ұлумын сендермен бір жыл дос болдым енді сендерді жылан жылына табыстаймын Ұлу: Ескі жылым есіртке, Жаңа жылым жарылқа Қош,сау болыңдар!Жаңа жыл мерекелерің Құтты болсын Жүргізуші:Салем ұлу сен бізге бір жыл қомқор болдың бізге жақсы тілектер тіледің бірге болдық рахмет саған ризамыз. Жылан: Мен жаңа жылмын сендерге бақыт, молшылық, жақсылық әкелдім!Сендермен дос боламын. Жүргізуші: Балалар жаңа жылға ән айтып берейік. Ән: «Жаңа жыл» Аяз ата: Ал, айналайын Жаңа жыл, келген қадамына нұр бітсің! Мынау менің ұлдарым мен қыздарым, мынау халайық бір өзіне аманат Аязата: Ал енді балалар біз жолға шығайық, басқа балалардың өнерлерін тамашалайық. Сендер өсеберіңдер өркендей беріңдер! Аспандарың ашық болсын, осындай мерекелі,берекелі күндеріміз көп болсын! Келесі кездескенше қош сау болыңдар! Ақша қар: Келесі жылы біз келгенше ақылды бала болыңдар. Жаңа жыл құтты болсын, мереке мерекеге ұласып, жақсы күндерде кезедесе берейік. Келесі кездескенше сау болыңдар! Балалар: сау болыңыздар!
Жүргізуші:Жаңажыл, жаңажыл,
Жаңа жылда жаңа жыр.
Таусылмасын ән мен жыр.
Тілейміз біз бақыт пен шаттықты- деп, әр отбасыға береке мен бақыт,шаттық пен шадыман күлкі тілейміз,деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі мерекеде жүздескенше сау болыңыздар!