«Жас дәурен» бөбекжай бақшасы»
Тақырыбы: Менің отбасым.. Ұлттық құндылық
Өткізген тәрбиеші А. А. Жұмабаева
2025 жыл
Мақсаты: Отбасы мүшелерін атай білуге үйрету, еркелетіп айтатын сөздерді үйрету;
сөздік қорларын байыту; отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу;
Қажетті құралдар: түрлі — түсті шарлар, айна, отбасы мүшелерінің суреттері, саусақ театрына арналған қуыршақтар, түрлі – түсті қақпақшалар.
Балалар сіздер бала бақшаға қайдан келдіңіздер?
Балалар Үйден
Үйде кімдер бар ?
Балалар отбасымыз бар :
Қанекей отбасы мүшелерін атап шығайықшы ;
Бір шаңырақтың астында бақытты өмір сүріп жатырмыз.
Балалар қараңдаршы мына әдемі қорапшалардың ішінде не бар деп ойлайсыңдар кәне бірге ашып көрейік. Қорапшаның ішінде саусақ арналған қуыршақтар қақпақшалар бар екен. Келіңдер бірге саусақтарымызға тағып біраз сергіту сәтін жасайық.
(Балаларға отбасы туралы суретті көрсетіп әңгімелетеді)
Балаларға үлкендерді, ата — анасын тыңдап, кішкентайларды құрметтеу керектіген айту және олардың ең жақын адамдар екендігін түсіндіру.
Сұрақтар қояды:
— Сендердің отбасыларыңда қанша адам бар?
— Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсыңдар?
— Отбасыңдағы ең жақын адам кім?
Балалардың жауаптары.
Сергіту сәті
Кел балалар бәріміз сергіп алайық
Бір үйде қанша адамбыз,
Кел санайық екеуміз.
Бас бармақ -әкем ,
Балан үйрек анам.
Ортан терек ағам,
Шылдыр шүмек мен,
Кішкене бөбек сен
Бір үйде біз нешеуміз,,,,?,
Бір үйде біз бесеуміз.
Балалар жарайсыңдар өте тамаша айттыңдар.Балалар мен сіздерге суреттерді көрсетем кім осы суреттерді құрастыру арқылы мақал -мәтел айтайықшы .
Ұлттық ойын Шертпек
1Мәре сызығындағы жақты шертеді .шерткен асық қай тұске тоқтаса ,қоржынына сонша асық алады ,Ойын соңында балалар асығын санайды .ең көп жинаған бала жеңіске жетеді.
2 Оюларды орналастыр
Қатар тұрған түстермен қойып оңға солға жоғары төмен бағытта берілген күйде оюларды орналастыру.
3Ұлттық ойын Көтермек.
Көтермек ортаға екі бала шығады .Бір -бірлерін арқалау арқылы тік тұрып қолдарын шапаттастырады. Жүргізуші белгі берген соң жеңімпаз болып есептеледі.
Жеңіске жеткендерін орталай қалып келесі баламен сайысқа түседі.Жеңіскепаз анықталғанша ,ойын осылай жалғаса береді .Жарайсыздар балалар кім маған өз отбасы мүшелері туралы айтып береді.
Өз отбасыларың суреттеріне карап отбасы мүшелерін атап беріңдер.