Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Жас дәурен» бөбекжай-бақшасы»

 

Тақырыбы «Тауық және оның балапандары» атты ҰОІӘ

 

 

          Өткізген тәрбиеші:А.А.Жумабаева

Наурыз айы

2025ж

Мақсаты:

Балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тауық пен балапандардың ерекшеліктерін таныстыру.

Диалог, тақпақ, мақал және би арқылы сөздік қорын байыту.

Тауық пен балапан туралы толық мәлімет:

Тауық – үй құстарының бірі. Ол жұмыртқа басып, балапан шығарады. Тауықтың басында айдары, тұмсығы бар. Ол дән, жәндіктер, көкөніс қалдықтарымен қоректенеді.

Балапандар – жұмыртқадан жарып шыққан кішкентай тауықтар. Олар өте нәзік, сары түсті болып келеді. Анасын айнала жүгіреді, оны «қыт-қыт» деп шақырады.

Үй құстарының суреттері,жұмыртқа,үлкен жұмыртқа  ішіндегі балапан.балапан,үлпілдек,жұмсақ.

Балаларды шеңбер  жасап тұрайық.

-Біздің шеңберіміздің көлемі қандай болады?

-Ол неге ұқсайды?

-Ендіше біз шар сияқты шеңберімізді үрлеп,үлкен шеңбер жасайық,кәне бәріміз бірдей үрлейік.

-Жақсы енді «Деніміз сау болсын!»деп бір-бірімізді емдейік

-Қайырлы таң,көздерім сендер ояныңдар(көздерін уқалайды)

-Қайырлы таң,құлақтарым сендер ояныңдар(құлақтарын уқалайды)

-Қайырлы таң,саусақтарым сендер ояныңдар(шапалақтайды)

-Қайырлы күн,сенде ояндыңба?(жымиып күледі)Тағы  бір күн артта қалып,тағы арайланып таң атты.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі

-Өте дұрыс,көктем мезгілі.

-Ал,балалар сендер көктем мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

-Күн жылынды,қар ериді,жаңбыр жауады,ағаштар бүршік жарады,құстар ұшып келеді

-Өте дұрыс айтасыңдар.Сендер қандай құстарды білесіңдер?

-Бұлар дала құстары,ал үй құстарын білесіңдерме?

Балалар тақтадағы суреттерге қараңдаршы.

-Мынау ненің суреті? (әтеш)

-Әтеш қандай дыбыс шығарады?(ку-ка-ре-ку)

-Мынау ненің суреті? (тауық)

-Тауық қандай дыбыс шығарады? (қыт-қыт)

-Міне балалар,  балапан суреті құрастырылып ашылды.

Біз үйде көбіне асырайтынымыз-тауық.Тауықтың баласын балапан деп айтамыз.Тауықтарды жем беріп,су беріп асыраймыз.Тауықтар алдымен жемдерді ауыздарына салып,оны сауыттарына сақтайды.Сосын оны қорыта бастайды.Тауық қанаттарының астына балапандарын қорғайды,тырнағымен жерді тырналап балапандарына жем тауып береді.Олар бізге жұмыртқа береді,жұмыртқаны тамаққапайдаланамыз , аналарымыз жұмыртқадан торт,печенье пісіреді.Ал жүнінен жастық жасаймыз.Балапандар – жұмыртқадан жарып шыққан кішкентай тауықтар. Олар өте нәзік, сары түсті болып келеді. Анасын айнала жүгіреді, оны «қыт-қыт» деп шақырады.

«Тауық пен балапандары»

Қатысушылар:

Жүргізуші

Тауық-Ана Раяна

Балапандар (3-5 бала)

Түлкі Ясмина

3 Би: «Балапандар биі»

Балалар балапан болып, секіріп билейді:

  1. Қолдарын қанат сияқты қағады.
  2. Бір орында секіреді.
  3. «Қыт-қыт-қыт!» деп дауыстайды.

1-көрініс: «Тауық пен балапандарының таңғы серуені» (Жүргізуші сахнаға шығып, балаларға ертегі бастайтынын хабарлайды.)

Тауық-Ана: – Қымбатты балапандарым, серуенге шығамыз. Бірақ абай болыңдар, түлкі жасырынып жүруі мүмкін.

Балапандар: – Жарайды, анашым! Біз абай боламыз!

2-көрініс: «Түлкінің қулығы» (Түлкі жақындап, ммм қандай сүйкімді  балапандар .Мен олармен ойнайғым келеді деп  алдап балапандарды өзімен бірге алып кетем деп қулығын асырғысы келді. )

Түлкі: – Сәлеметсіңдер ме, балапандар! Сендермен бірге ойнасам бола ма ?

(Тауық-Ана келіп, түлкіні көріп қалады.)

Тауық-Ана: – Тоқта, түлкі! Мен сенің қулығыңды білемін!

Менің балапандарымен ойнау үшін  алдымен мақал айтуың керек!

Түлкі  Балапан күзде саналады

Тауық дұрыс айттың түлкі ! бірақ біз саған сене алмаймыз Кәне балапандар ,жиналыңдар

Түлкі: –.Қап менің   тек достасқым келеді..деген айлам жүрмеді

, түлкі қорқып қашып кетеді.)

  • көрініс: «Ана мен балапандардың бақытты сәті»
  • ТауықАна: – Балаларым, сендерге айтқанымдай, әрқашан сақ болу керек.

Балапандар: – Рақмет, анашым!

Анамыз бізді қорғайды

Жылы қанатқа орайды

Қанатымен жылытып

Мәпелейді баптайды

Тақпақтар

 Ясмина

Бұл балапан қандай мықты

Жұмыртқасын жарып шықты

Шыға салып ерінбеді

Жемін өзі теріп жеді

Раяна

Сары үрпек балапан

Бейне бір балақан

Көгалды шоқып көп

Дән іздеп тереді

 Фатима

Көрдіде шыбынды

Балапан жүгірді

Ұмтылып тағыда

Көрмеді тынымды

Бүгін нені үйрендік

(Балапандар Тауық-Анаға жақындап, құшақтайды. Қойылым аяқталады.)

Балапандар – жұмыртқадан жарып шыққан кішкентай тауықтар. Олар өте нәзік, сары түсті болып келеді. Анасын айнала жүгіреді, оны «қыт-қыт» деп шақырады.

5, Мақал-мәтелдер:

Перизат

«Тауық та, балапан да басқан ізбен жүреді.»

Мағжан

«Тауықтың балапаны анасына ұқсайды.»

Тоғжан

«Балапанды күзде санайды.»

  1. 3. Жұмбақтар:

Иса

1.Басы тарақ,арты орақ (әтеш)

Ержігіт

  1. Күн батса қонақтар қалқыған

Таң атса жерден жем аңдыған (тауық )

3 Сапар

Шық шық етеді балпаң балпаң жүреді

( Балапан

 

  1. Шығармашылық жұмыс:

Сурет бояу: Балалар тауық пен балапандардың суретін бояйды.

Жабыстыру: Түрлі-түсті қағаздан тауық пен балапандар жасап, жапсырады.