«Жас дәурен» бөбекжай-бақшасы»
Тақырыбы: «Ақ мама»
Өткізген тәрбиеші:Аманбаева Самал
Наурыз айы
2025ж
Мақсаты:
Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу.Ешқашан аналарын ренжетпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Қымбатты аналар, қонақтар «Балапан» тобының
«Ақ мама» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Бүгін наурыздың 8 – і
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі
Сіздерді көктем айының алғашқы мерекесі 8 наурыз – аналар күнімен құттықтаймыз! Әрқашан дендеріңіз сау, көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерлерін тамашалаңыздар!
Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы айнала қандай әдемі , қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі.
Тәрбиеші: Дұрыс балалар, көктем мезгілінде күн жылынып, қар еріп, жылы жақтан құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік жарады, табиғат сұлулана түседі.
Тәрбиеші:Көктем мезгілінің алғашқы мерекесі Аналар күні!Қәне, балалар бәріміз бірге аналарымызға арнап ән айтып берейік.
Ән: «Мерекеңмен анашым»
Тәрбиеші: Біздің балалар әнмен қатар тақпақты да айта алады.Аналарымызға арнаған тақпақ айтып берейік.
Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсізғой аналар!
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген анашым
Сәлем жолдап бүгін саған
Мерекеңмен құттықтаймын.
Бал бөбегін баптаған,
Мамам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Тыңдаңдаршыбалаларанажақта «Мама, мама» дегендауысестіледі.
Бұл не дыбыс? Кімекенмамасынжоғалтқан?
Залғақоянкіреді.
Қоян: Мама, мама! Мамамның артынан секіріп келе жатыр едім. Адасып қалдым. Енді қайдан табамын? /жылайды/
Тәрбиеші: Қоянжан неге жылайсың ,жылама.Біз саған мамаңды тауып береміз. Балалар қоянжанның мамасын тапқанша сендер қоянның көңілін көтеру үшін ән айтып берейік.
Ән: «Құттықтаймын мама»
Тәрбиеші: Қоянжанның көңіл күйі әлі жоқ.Ендеше көбелектеріміз би билеп берсін.
Би: «Көбелектер биі
Түлкікіреді: Мен ешкімнен қорықпаймын. Мен бәрін де алдаймын. Қоянның қасына келіп: Қоян, сен неге жылайсың?
Қоян: Мен мамамды жоғалтып алдым.
Түлкі: Мамаң қандай?
Қоян: Менің мамам бәрінен де сұлу, әдемі.
Түлкі: Өтірік айтпа, менің мамам бәрінен әдемі.Ең әдемі менің мамам. (артынақарайды. Мамасыжоқ) Ой, менің мамам қайда? (Басынұстайды). Мен мамамды жоғалттым.(Екеуіжылайды.)
Тәрбиеші: екеуіңде жыламаңдар сендердің мамаларын әдемі ,сұлу.Мамаларыңды тапқанша біздің балалар көңілдерінді көтеріп ойын ойнап алыңдар.
Ойын: «Кім тез гүлтереді»
Ұлдар мен қыздар гүлдерді себетке салып жарысады.
Аю келеді: Бұл н е шу, ұйқымнан ояттыңдарғой.
Тәрбиеші: аю жан ренжемеші мында қоян мен түлкі мамаларынан адасып қалыпты.олар жылай береді. Біздің балалар көңілдерін көтеру үшін би билеп берген болатын.
Аю: Ал, мамаларың қандай еді?
Екеуі: Сұп – сұлу, әп — әдемі!
Аю: Жоқ, жоқ,жоқ, менің мамам әдемі.
«Жоқ, менің мамам әдемі.», — деп үшеуі дауласады.
Тәрбиеші: Қәне дауласпаймыз. Бәріңнін де мамаларың әдемі.Біздің балалар сіздерге би билеп береді,соны тамашалайық.
Би : «Бұл біздің дискотека»
Осы кезде ару көктем келеді.
Ару коктем:Саламатсыздарма, балалар! Менімен бірге күн жылынып, айнала сұлуланып нұрланып тұр. Сендер неге шулап жатырсыңдар.
- Ой ,менің ормандағы достарым мында екенғой.
Тәрбиеші: Тоқтаңыз көктем , біздің балалар 8 наурыз Аналар мерекесін тойлап жатырмыз.Біздің балалардың ойыны бар екен соны тамашалаңыз.
Ойын:Аналар балаларынын түймелерін салу.
Ару көктем: Рахмет балалар ,көңілімді көтердіңдер.Мен сендерге өзімнің сыйлығымды ала келдім.Енді мен достарымды Түлкіжан,Аюжан,Қоянжанды мамаларына апарайынСау болыңдар , балалар!
Тәрбиеші: Кейде осындай айтқанды тыңдамай, мамасынан адасып кететін балалар кездеседі. Бірақ, біздің арамызда ондай бала жоқ. Біздің балалар мамаларының айтқанын тыңдайды,сыйлап,құрметтеп жүреді.
Міне осымен ертеңгілігімізде аяқталды.Балалар аналарына сыйлықтарын ұсынады.Сау болыңыздар