Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Жас дәурен» бөбекжай-бақшасы»

 

«Айгөлек» ересек тобында біртұтас тәрбие аясында ұлттық

құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткізілген ашық

ұйымдастырылған іс-әрекет

Өткізгентәрбиеші:  З. Копжасарова

  2024-2025 оқу жылы

 

 

Күні:22.11.2024.

Тақырыбы:  «Ұлттық ою-қошқар мүйіз»

 Мақсаты:

Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.

Балабақшада балаларға ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктерін жан-жақты қарастыру.

Халық педагогикасы арқылы ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, балаларды адамгершілікке, еңбекке,тапқырлыққа, ыждағаттылық сезімге баулу

Әдістер мен тәсілдер:

Түсіндіру, салыстыру, балаларға сұрақ, бағалау, мадақтау.

Құрал- жабдықтар:

Проектор,  суреттер,

Жүру  барысы:

Балалар музыкалық залға әдемі күйдің ойналуы  арқылы кіреді.

Тәрбиеші:

– Қайырлы таң, балалар! Мен сендерді бүгінгі сабағымда көргеніме өте қуаныштымын. Сендердің барлығың да бүгін өте әдемі болып тұрсыңдар және залға кіргенде де өте әдемі күй ойнатып кірдіңдер.Ал осы күйді немен тартады?Әрине,домбырамен тартады,мына экраннан не көріп тұрсыңдар?

(балалардың жауабы)

-Ия,балалар,бұл домбыра ата-бабамыздан келе жатқан мұрамыз,ұлттық құндылықтарымыздың бірі,домбырамен күйлер тартылады және домбыраға қосылып ән де айтылады.

-Ал енді,балалар,менің қолымдағы не?

(балалардың жауабы)

-Әрине,бұл қоржын,бұл да ертеден келе жатқан қазақтың заттар салатын қоржыны,ал ендеше, осы қоржыннан бір-бірлеп асық ала қойыңдар.

-Балалар,осы қолдарыңдағы асықтар қай үй жануарынан алынады?

(балалардың жауабы)

-Дұрыс айтасыңдар,қой мен ешкіден алынады екен,себебі бұл асықтар кішкентай,ал үлкен үй жануарларынан үлкен асықтар алынады екен.

-Ал қолдарыңдағы асықтарыңның түсін айта қойыңдар.

-Енді қай столда  осы асықтарыңның түсіне сәйкес қорапша тұр,сол столға бара қойыңдар да асықтарыңды сол қорапшаға салыңдар.

-Жарайсыңдар,балалар,өте жақсы.Ал енді,алдарыңа қойылған тәрелкеге назар аударыңдар,не көріп тұрсыңдар?

(балалардың жауабы)

-Ендеше,жұмысымызды бастайық.

(балалармен жұмыс)

-Балалар,қағаздың бетіне не пайда болды?

-Ия,дұрыс айтасыңдар,бұл ою қазақтың қошқармүйіз оюы.

Экранға назар аударайық,не көріп тұрсыңдар,ненің суреті?

(балалардың жауабы)

— Жарайсыңдар,балалар,бүгіннен бастап қошқар мүйіз оюның қалай пайда болғанын біліп жүретін болдық.

-Ендеше,балалар,осы алған білімімізді нығайту мақсатында,әрі сергіп алу үшін өлең жолдарын айтайық және қимылмен көрсетейік.

Саусақпен сыздым ауада,

Қошқарымның мүйізін.

Топ-топ бастым аяқпен.

Өрнектерін киіздің. (2-3 рет қайталау)

-Ендеше,балалар,мына жерде тұрған не екенін білесіңдер, ия,әрине киіз үй,ал сол киіз үйдің жанындағы қалталарынан сендерге арналған тапсырмалар бар,соларды алып  жайылған көрпешелерге орналаса қойыңдар.

(балалардың жұмысы)

-Ал,балалар,біз бүгін немен таныстық?

-Сендерге бүгінгі іс-әрекет ұнады ма?

-Бұл ою неге қошқар мүйіз деп аталады екен?

-Жарайсыңдар,балалар,тапсырмаларыңды жақсы орындадыңдар,ашық           ұйымдастырылған іс-әрекетке өте жақсы қатыстыңдар,алдағы уақытта да

ұлттық  құндылықтарымызды біліп және дәріптеп жүретін боламыз.

Тәрбиеші балалармен сұрақ – жауап арқылы әңгімелесіп, жұмыстарына баға беріп, қошқар мүйіз оюын сыйға беріп мадақтап,марапаттайды.Өте жақсы қатысқан балаларға қызыл түсінен,орташа қатысқан балаларға жасыл түсінен,  қалған балаларға сары түсінен таратады.