Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Жас дәурен» бөбекжай-бақшасы»

«Айгөлек» ересек  тобында  желілі-рөлді ойын

«Дәмхана»

Өткізген тәрбиеші З.Копжасарова

2024-2025оқу жыл

Мақсаты:

Балалардың ойынға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойнай білу қабілетін дамыту, ойын үстінде өзін — өзі ұстай білу мәдениетіне, бір – бірімен еркін қарым-қатынас  жасай білуге үйрету.

 

 

 

Ойын жағдаятын қалыптастыру.
Қажетті құралдар:

Үстелдер,ыдыс-аяқтар,қасықтар,вилкалар,майлықтар,сүлгілер.

Рөлдер: Екі даяшы, алты клиенттер, бір кассир, тәрбиеші дәмхананың меңгерушісі ретінде.
Балалар шеңбер болып тұрады.
Бәрі бірге:
Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын кеңге ашқан
Тілегіміз тыныштық
Ашық болсын көк аспан
Мықты болсын іргеміз
Бәрімізде біргеміз.
Тәрбиеші:

— Балалар біздер топта қандай ойын түрлерін ойнаймыз?
Балалар:

-Қимылдық, дидактикалық, ұлттық, желілі — рөлдік және еркін  ойындар.
Тәрбиеші:

— Дұрыс айтасыңдар, ал бүгін қандай ойын түрін ойнаймыз?
Балалар:

— Желілі — рөлдік ойын.
Тәрбиеші:

— Ал сендер желілі — рөлдік ойынның қандай түрлерін білесіңдер?
Балалар:

-«Дүкенші», «Асхана», «Дәрігер», «Шаштараз» т. б.
Тәрбиеші:

— Ал қазір қандай ойын ойнағыларың келеді?
Балалар:

— «Дәмхана» ойынын ойнаймыз.
Тәрбиеші:

— Балалар бұл ойынға кімдер керек?
Балалар:

— Дәмхана меңгерушісі,даяшылар,дәмханаға  келетін аға — апалар, кассир.

-Дұрыс айтасыңдар балалар.Ендеше,ойынымызды бастайық.

Ойын барысы:

Екі даяшы келген қонақтарды жылы қарсы алып, «Біздің дәмханаға хош келдіңіз»айтып,үстелдерге орналасуға шақырады.

Даяшы:

-Хош келдіңіздер,жоғары шығыңыздар.

Қонақтарға ас мәзірі журналын апарып береді.

 

Даяшы:

 

-Қандай тағам қалайсыздар?

Қонақтар ас мәзірін қарап,сұраныс береді.

(Даяшылар қонақтардың сұранысын зыр жүгіріп орындайды. )

Даяшы:

-Астарыңыз дәмді болсын.

(Алдарындағы тамақтарын жеп болған қонақтар даяшыны есептесуге шақырады.)

Тәрбиеші:

— Балалар біздің ойынымыз осымен аяқталды, қалай, ойын сендерге ұнады ма?
Балалар:

— Ұнады.

Тәрбиеші:

— Олай болса әрқашан  тамағымыз дәмді болсын,мынау сендерге біздің дәмханаға келгендеріңіз үшін.

Даяшылар:-Біздің дәмханаға келіп тұрыңыздар,сау болыңыздар.