Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

Мақсаты:

 

Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Құрметті қонақтар мен жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Спортшыларымызды ортаға шақырамыз.
(әр топ сап түзеп, орындарына келіп тұрады)
1. «Күншуақ» тобы

  1. «Жұлдыз» тобы,
    Ал, құрметті халайық!
    Жарысты енді көріңдер.
    Әділ қазы алқасы,
    Әділ баға беріңдер!
    Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
    1. Бөбекжай меңгерушісі: Қарлығаш Құрманбайқызы
    3. Бөбекжай әдіскері: Жанаргүл Зейноллақызы
    Жүргізуші:
    Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
    Еңбек етіп келгенінше әліміз.
    «Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,
    Сайысқа аттанайық бәріміз!
    Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
    Әр топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі:
    1. «Өз тобыңды таныстыр»
    2. «Кенгуру»
    3. «Хайуанаттарға су бер»
    4. «Көңілді старт»
    5. «Қырықаяқ»                                 6. «Акробатика»
    Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.
    Жүргізуші:
    1 — тур: «Өз тобыңды таныстыр»«Күншуақ» тобы
    Таныстыру:
    Күндей  болып күлеміз                                                                                                                 Шуақ шашып жүреміз
    «Жұлдыз» тобы
    Таныстыру:
    Бүгін жарыс бақшада                                                                                                                Қуанады бар бала
    Шымыр, сергек денеміз,
    Спорт сүйер өренбіз!
    Біз биіктен самғаймыз,
    Қарсыластан қалмаймыз.
    Жүргізуші:
    Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
    Қатардан артта қалып қоймайық,
    Белсенді болайық ортада,
    Уақытты тектен — тек жоймайық!
    Олай болса, екінші турымызға өтеміз.
    2 — тур: «Кенгуру»
    Ойынның шарты: Топ мүшелері үлкен резеңке доптың үстіне отырып кедергі арасымен айнала секіре өтіп, кері айналып қайту.
    3 — тур: «Хайуанаттарға су бер»
    Ойынның шарты:  балалар кішкентай шелекпен кедергілер  арасымен өтіп топ мүшесінің шелегін сумен толтырады.
    4 — тур: «Көңілді старт»
    Ойынның шарты: Топ мүшелері екі екіден жұптасып, шығыршықтың ішіне кіріп, кедергілердің арасынан айнала өтіп, орындарына келу керек.
    5 — тур: «Қырықаяқ»
    Ойынның шарты: Балалар топ мүшесінің артына тіркесіп кедергілерді айналып, кері қайтып келеді.

6 – тур «Акробатика»
Ойын шарты: Музыка ырғағымен әр ойыншы құрсаулардан аттап — аттап жүгіріп, матрас үстімен домалап, тік тұрып, орындарына бару.
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден —
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол —
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады, —
демекші, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Әділқазылар алқасының шешімі дайын болғанша барлығымыз «Көңілді жаттығу» биін билейік
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» жарысын, осымен аяқтаймыз! Қатысқандарыңызға көп — көп рахмет!
Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!