Балалардың ертегіге қызығушылығын ояту ойын еркін жеткізуге
баулу,ертегі кейіпкерлерін рольдерге бөліп сахналау, қиялын
шыңдау. Бауырсақ ертегісінің қойылымын көрсету арқылы балалардың
танымдық белсенділігін арттыру. Балаларды кішіпейілділікке,
мейірімділікке өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, бірін-бірі
құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Балалар бүгін ерекше күн, бізге көптеген апайлар қонаққа келіпті, қонақтармен амандасайық.
-Сәлеметсіздерме
Тәрбиеші балалар өткен ертегілерімізді есімізге түсірейікші.Балалар біз қандай ертегілер білеміз .
-Бауырсақ, Жеті лақ пен қасқыр, Шалқан.
-Жарайсындар балалар
Ендеше Бауырсақ ертегісін сахналайық.
Автор: Ерте,ерте ,ертеде,
Ешкі жүні бөртеде.
Сол бір ғажап өлкеде,
Автор: — Бір әже мен ата болыпты. Бірде ата әжеге:
Шал: — Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші
Кемпір: — Неден пісірейін? Ұн жоқ қой
Шал: — Әй ,кемпірім-ай ! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар.
Автор: Әжей қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды,көгалдан жылжып жолға жетеді.Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса , қарсы алдынан қоян шыға келеді.
Қоян: — Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын !
Бауырсақ : — Жоқ,сен мені жемеші, мен саған өлең айтып беремін:
Атайдан да құтылдым
Әжейден де құтылдым
Қоян сенен құтылу
Қиын емес ол маған
Автор: — Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп:
Қасқыр: — Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеймін
Бауырсақ : — Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін
Атайдан да құтылдым
Әжейден де құтылдым
Қояннан да құтылдым
Қасқыр сенен құтылу
Қиын емес ол маған
Автор: — Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю шығады.
Аю: — Әй ,бауырсақ ! Мен сені жеймін.
Бауырсақ: — Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін.
Атайдан да құтылдым
Әжейден де құтылдым
Қояннан да құтылдым
Қасқырдан да құтылдым
Аю сенен құтылу
Қиын емес ол маған
Автор: — Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі.Алдынан түлкі шығады.
Түлкі : -Амансың ба, бауырсақ!Мен сені жеймін
Бауырсақ.Мені жемеші мен саған өлең айтып беремін.
Атайдан да құтылдым
Әжейден де құтылдым
Қояннан да құтылдым
Қасқырдан да құтылдым
Аюдан да құтылдым
Түлкі сенен құтылу
Қиын емес ол маған
Түлкі: бауырсақ сенің дауысыңды естімей тұрмын, тұмсығымның үстіне шығып айтшы.
Автор: Бауырсақ түлкінің тұмсығына шығып өлеңін айтып, барлығы дос болады.
Қорытындылау: — Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
Балаларға сұрақ:Балалар ,бауырсақ неден жасалады? (Ұннан)
Ұн неден алынады? (Бидайдан)
Бауырсақтың түсі қандай? (Сары )
Бауырсақтың пішіні қандай?(Домалақ,шеңбер)
Жарайсыңдар балалар қонақтармен қоштасайық Сау болыңыздар.