Балалардың туған ел, Отан туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Републикасының рәміздерін көрсетіп сипаттау. Тіл байлығын , сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту. Туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер. Қазақсан республикасының рәміздері,шар жалау.
Тәрбиеші:
Әйнегі күн шатыр аспан
Кең дала төсі толқыған егін
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан республикам менің — дей отырып . «Балапан» кіші тобының «Біз Отанды сүйеміз!» атты ертеңгілігін бастаймыз.
Әнұран шырқалады.
Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
Қазақстан республикасы
Ұлтымыз қандай?
Қазақ.
Қай тілде сөйлейміз?
Қазақ тілінде.
Қазақстан републикасының рәміздерін ата?
Ту, елтаңба, әнұран.
Ж.Көзайым:
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Айым:
Елтаңбасы елімнің
Ортасында шаңырақ
Төбесінде жұлдызы
Тұр ғой әне жарқырап
Ержігіт:
Отан — сөнбес күніміз
Отан — туған жеріміз
Отан — ортақ үйіміз
Отан — ән мен күйіміз.
Аяна:
Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл қаланы
Ардақты ата мекенім,
Отаным – Қазақстан.
Тәрбиеші: Балалар , Отанымызға деген сүйіспеншілігімізді мақал –мәтел арқылы көрсетейік.
Омар:
Туған елдей – ел болмас
Туған жердей – жер болмас.
Перизат: Отан — оттанда ыстық.
Фатима: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
Ұлжан: Туған жерге –туыңды тік.
Ясмина: Туған жер – алтын бесік.
Ж. Көзайым:
Гүл жайнаған Астана
Қазақстан Отаны.
Бірін –бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны.
Ұлжан:
Отан — жерім,
Отан –суым
Отан –қуат
Нәр береді.
Раяна:
Елім еркін,
Шат заман!
Мен әлемге- тәуелсіз,
Қазақпын деп мақтанам.
Інжу:
Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы,
Бесігім болып тербеткен
Отаным — Қазақстан!
Қ.Көзайым:
Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан – ана, Отан – пана
Қазақстан — туған ел!
Ән. : « Топ-топ балақан.»
Ән: «Біз бақытты баламыз»
Би: флешмоб Қазақстан
Ойын: «Күн шуағы»
Мақсаты: балаларға бейбіт күннің астында жарқын өмір сүріп жатырғандығын айтып түсіндіру. Қызығушылықтарын арттыру
Құттықтау сөз бөбекжай әдіскері: Ж. Жумиева
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.