«Жас дәурен » бөбекжай -бақшасы»
« Достық пен бірлік » мерекесі атты ертеңгілік
Өткізген тәрбиеші ААЖумабаева
Мамыр айы
2025ж
“Достық пен бірлік мерекесі”
«Туған жер» күйімен
Әуенмен балалар залға кіреді.
Жүргізуші
Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, яғни достық пен ынтымақтың мерекесі. Бұл күні еліміздегі түрлі ұлт өкілдері бір-біріне құрмет көрсетіп, достықтарын нығайтады. Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысының өз тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі бар. Бірақ бәрі бір шаңырақ астында бірлік пен бейбітшілікте өмір сүруде.
Қазақстанда тұратын ұлттар: қазақтар, орыстар, өзбектер, ұйғырлар, татарлар, немістер, кәрістер, дүнгендер, әзербайжандар, түріктер және тағы басқалар.
Бүгін біз барлық халықтардың бірлігін, татулығын тойлаймыз.
Біздің елімізде әртүрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.
Ортақ Отанымыз — Қазақстан!
Өлеңдер:
(Әр ұлттың өкіліндей киінген балалар кезек-кезек шығып, тақпақтар оқиды.)
Раяна
Қырғыз ,қазақ өзбектер
Манғол ұйғыр дүнгендер.
Армян ,тәжік,грузин ,
Орыспенен украин,
Терезесі тең жатыр.
Ержігіт
Болмасын соғыс болмасын
Қыраны ұшсын көгімде
Болмасын соғыс ,болмасын,
Бар әлемде бейбітшілік орнасын.
Ясмина
Алтай Кавказ ұласып
Баурайы бұйраткең жатыр
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
Иса
Әрқашан дос біргеміз
Ажырамас іргеміз
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер
Фатима
Қанатымыз талмасын
Биіктерге самғасын
Туған жерге ақындар
Жақсы өлеңін арнасын
Сапар
Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз
Достық туған анамыз
Жердің қызы ұлымыз.
Жантөре
Достық шырағымыз
Достық ұранымыз
Достық туымыз
Достық әніміз
Мағжан
Мамыр бірі, достық күні
Ән салып ,билеген халықтың үні.
Тұтасып тойлаған ұлттар ,
Керемет мереке , мамырдың бірі.
1.Ойын:
«Түс таңда » ойыны
ортаға түрлі түсті шарларды шашылады (ақ қара көк жасыл қызыл )
Жүргізуші бір ұлттың атын атайды мысалы Қазақстан
Балалар Қазақстан туының түсіне сай көк түсті шарды тез тауып әкелуі керек .
2 .Бірлікте күш бар
Мақсаты: Бірлесіп әрекет жасау арқылы тапсырманы орындау .
Балалар екі топқа бөлінеді.Әр топқа доп беріледі ,Допты қысып ұстап ,түсірмей мәреге дейін бір біріне допты береді
Қай топ допты түсірмей бірінші жетсе солар жеңеді
Би:Бүгін біз түрлі ұлттардың ұлттық билерін билеп, олардың мәдениетін бірге сезінетін боламыз.»
Әртүрлі ұлт биінен үзінділер:
Өзбек биі,
Орыс халық биі,
Үнді биі
Татар биінен жеңіл қимылдар.
(Қысқа, көңілді билер.)
Ән:
Балалар бірге “Достық ” әнін орындайды.
Қорытынды:
Жүргізуші:
Әр ұлттың өз салты, өз дәстүрі бар. Бірақ біздің жүрегіміз ортақ – Отанымыз Қазақстан!Әрқашан тату болайық! Бейбіт өмір сүрейік.