«Жас дәурен» бөбекжай-бақшасы
«Қош бол, әсем бақшамыз»
Дайындаған: тәрбиеші А.Есмуханова
2023-2024жыл
Мақсаты
Балалардың мерекелік көңіл –күйін қалыптастыру . Бөбекжай, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көрністер арқылы мектепке дайындықтарын тексеру. Оқуға деген қызығушылықтарын дамыту.
Tәрбиеші: Армысыздар қымбатты бүлдіршіндер ата-аналар, ұжымдастар! Балабақшамен қоштасу мерекесіне қош келдіңіздер.Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.Міне, енді балалардың қанаттары қатайып, өмірге деген көзқарастары қалыптасып, өсіпте қалды. Алда оларды білім кемесі мектеп күтіп тұр! Ал, қазіргі сәт олар үшін маңызды, өйткені олардың өміріндегі қоштасу кеші.Ендеше қолдау көрсетіп, қол соғып, қошемет көрсетейік.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып қошеметпен шақырайық,
Балабақша түлектерін қарсы алайық.
Жігіттердің серісі ол біздің өнерлі Расул
Еңбек сүйгіш таудай талап бойында биязы мінезді Аянат ханшайымды қошеметпен ортаға шақырайық
Аңқылдап өзі сөйлейді, мінезі ашық ақ көңіл ханзада Жансейіт
Өзі сондай пысық өнерлі қыз Ұлдана қошеметпен ортаға шақырайық.
Қыран құстай шарықтар батыр жігіт Сардар.
Бағынар биік биік белес оған, мінезі жұмсақ тартымды ақылды Аяна
қошеметпен ортаға шақырайық.
Болашақта бағындырып ұланы, ол елінің қайратты біздің батырымыз Айбатыр.
Әр қырынан өнерлі биші ханшайым Дана қошеметпен ортаға шақырайық.
Ақылды әрі сымбатты,достарына қымбатты Әмина қошеметтеп ортаға шақырайық.
Сүйкімді де әрі ибалы аруымыз Жұлдызды қарсы алыңыздар.
Бақшадан бір қалмаған, күн нұрындай күлімдеп жүретін ханшайым Айлин
Бақшамыздың көркін ашатын, ол бәріне еркелейтін Қымбатжан сұлуымызды қошеметпен қарсы алайық.
Топпен би: Кел билейік бәріміз
Құттықтау сөз: «Жас дәурен бөбекжай –бақшасының» меңгерушісі Карлығаш Кұрманбайқызына сөз кезегін береміз.
Аянат: Сонда біз бүгіннен бастап бөбекжайға келмейміз бе?
Расул: Бөбекжайымызды, апайларымызды, бір-бірімізді сағынамыз ғой!
Сардар: Қалайша қоштасамыз?
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме,балалар-бүгін бізде ерекше мереке, балабақшамен қоштасамыз,осы күн есімізде көпке дейін сақталғаның қалайтын болсақ, онда менімен бірге білімділер елінің жағасына саяхаттауға шақырамын.
Қарандаршы бізде қандай керемет кеме.Сендер осы кемемен білім айдынында жүзуге дайынсыңдар ма?
Балалар; -Ия, дайынбыз.
Тәрбиеші Ондай болса,балалар бәріміз бірігіп ән шырқап алайық.
Ән: « Біз бақытты баламыз».
Тәрбиеші: Балалар мен ескертіп қояйын,мұнда біраз қиындықтар кездеседі,ол қиындықтардан тек қана күшті және тапқыр балалар ғана өте алады.
Балалар сендер қиындықтардан қорықпайсыңдар ма?
Балалар; Ия қорықпаймыз.
Тәрбиеші; Көңіл күйлерін қалай?
Балалар; Жақсы
Теңіз бен шағаланың дауысы.
Тәрбиеші: Балалар бұл аралдың аты балалық деп аталады.Бұл аралда балалар балабақша туралы жыр-шумақтарды айтамыз.
Аянат:
Балабақша бесігім,
Тағы бір той жасайық.
Ашып мектеп есігін,
Өзіңмен қоштасайық.
Расул:
Талай қызық той өткіздік,
Бірақ орны бөлекше,
Балабақшамызбен қоштасатын,
Бүгінгі той ерекше.
Ұлдана:
Амал қанша бұл анық,
Қоштасатын кез келді.
Ойыншықтар мұнайып,
Іздейді-ау енді сендерді
Жансейіт:
Балабақша қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен анамды,
Ертіп енді келмеймін.
Аяна:
Балабақшам сүйікті
Ән салдыртты, билетті.
Шынықтырып дененді,
Шымыр болуға үйретті.
Әмина:
Сендермен бірге өстік біз,
Көп жақсы нәрсе үйрендік.
Шығарып сап мектепке,
Құттықтауға біз келдік
Айбатыр:
Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл санамыз.
Адамдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамын.
Дана
Қызық күндер өткіздік,
Балабақша бағында.
Көп оқыдық көп білдік,
Ел мен Отан жайында.
Қымбат:
Өсті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Өсті ақыл ойларың,
Өсті, міне бойларың.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
Жұлдыз:
Жадыраған, жаздай жылы, жаны бар,
Жақсылықтың шырағы болып жағылар.
Қадірлі ұстаздар, гүлмен бірге жолдаған,
Шәкіртіннің жүрек сөзін қабыл ал.
Айлин:
Мектепке ертең барамыз
Оқимыз сауық құрамыз.
Қашықта болса арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз.
Сардар:
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Мектепке барамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасың Сардар қоштасып бала бақшамен, мектепке барамыз
дейді.Балалар сендердің барлықтарын мектепке баруға дайын
сияқтысыңдар ғой, ендеше « Біз мектепке барамыз» әнің шырқайық.
Мектептен білім аласың,
Жақсы азамат боласың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
Ән: « Біз мектепке барамыз»
Теңіз бен шағаланың дауысы.
Тәрбиеші; Балалар алдымызда тағы да бір аралға келдік.Бұл аралдың аты білім
аралы деп аталады. Мұнда бізді Білімпаз күтіп тұр.
Білімпаз : балалар, мен бағанадан бері сендерді бақылап тұрмын. Біз мектепке барамыз деп ән мен жыр –шумақтарын арнап жатырсыңдар! Сендердің қаншалықты мектепке баруға дайын екендеріңді тексеріп көрейін! Қалай қарайсыңдар балалар!
Балалар: Жақсы
Білімпаз: Менің сұрағыма жауап беруге дайынсыңдар ма?
Балалар: Ия дайынбыз.
Білімпаз: Ондай болса кеттік.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір бізде қандай мезгіл?
- Көктем мезгілінде неше ай бар? атап бер
- Қыс мезгілінің неше ай бар? атап бер
- Күз мезгілінде неше ай бар? атап бер
- Ж аз мезгілінде неше ай бар? атап бер
- Бір аптада неше күн бар?
- Геометриялық пішіндерді атап бер?
- Қандай ертегілерді білесіңдер?
- 1-ден 10дейін сана,10нан 1-дейін кері сана
- Балабақшаға келгенде апайларың сендерді қалай қарсы алады?
Тәрбиеші: балалар біз тағы алдымызда аралға келдік. Бұл аралдың аты Арман аралы деп аталады. Бұнда бізді сиқыршы күтіп тұр. Сиқыршы әр баланың арман тілегін тыңдағысы келеді екен. Қане балалар сиқыршының сұрақтарына жауап бергуе дайынбыз ба?
Балалар: Иә, дайынбыз
Сиқыршы әр балаға қалпақты кигізіп балалардың арман қиялын естиді.
Білімпаз: Ой балалар керемет, өздеріңнің арман тілектеріңді айтып жатырсыңдар. Енді мен сендердің сандарды қаншалықты білетіндеріңді тексеріп ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын: «Жұп болу»
Білімпаз бен Сиқыршы: ал балалар біз сендердің барлық өнерлеріңді тамашаладық, жақсы дайындалған екенсіңдер. Бізді басқа да күтіп отырған балааларға барайық. Қош сау болыңдар.
Балалар: сау болыңыздар!
Теңіз бен шағала дауысы.
Тәрбиеші: балалар біздің келесі аралымыз Алғыс аралы деп аталады.
- Аяна:
Құрметті қонақтар армысыздар?
Бәріңіз де аман сау бармысыздар?
Қоштасатын күн келді бақшаменен
Апайларға айтатын алғысымыз бар.
- Аянат:
Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артық өзі басқадан
Қарлығаш Құрманбайқызына мың алғыс!
- Айбатыр:
Жайдары жүз ай қабақ.
Жүреді бізді аймалап,
Тобымызға жиі кеп,
Білгніңді сұрайтын
Әдіскеріне бақшаның
Жанаргүл Зейноллақызына мың алғыс!
- Айбике:
Денсаулыққа болаттай,
Ауруларды жолатпай
Күнде болған әбігер
Қамқоршымыз дәрігер
Жанаргүл Қуандыққызына мың алғыс!
- Расул:
Біздіңң гүл бақшада
Бар әсем асхана
Бар онда аспазшы
Ақкөңіл жақсы апа,
Әлде май қаймақпа,
Борщ па сорпа ма
Тұрады ортада
Айымгүл апай, Фарида апай
Сіздерге де мың алғыс!
- Дана:
Төсек орны тап таза
Аппақ жуған сүлгіні
Нурия, Жаңылсын апайларға
Балалардан мың алғыс!
- Жансейіт:
«Балапан» тобынан
Баулап баптап өсірдіңіз
Бұзықтық етсек кешірдіңіз
Күлаш, Гүлвира, Айжан
Апайлар сіздерге де мың алғыс!
- Жұлдыз:
Есеп қисап жүргізген
Күлімдеген жақсы адам
Басымыздан сипаған
Әділет ағайға мың алғыс!
- Қымбат;
Сүйген өз қыз, өз ұлын,
Бөбегім деп аянбай.
Балабақша өз үйім,
Апай болды анамдай
Зульфия Гулзада Анаргул апайлар,
Сіздерге де мың алғыс!
- Сардар:
Ойыншық та, кеседе,
Шанышқы мен тәрелке.
Орындық, шкаф,төсекте,
Бәрі өзі келеме?
Соның бәрін табатын,
Шаршамайтын күлетін,
Зыр жүгіріп жүретін,
Тажігул апайға мың алғыс!
- Ұлдана:
Щбабрасы қолында,
Шелегі оның соңында.
Таң атпай, еденді жуады,
Шаңдардың бәрін қуады,
Мұңтаздай етіп қояды
Гулжан,Зоя,Самал
Апайларға мың алғыс!
- Айлин:
Қарауылша аға, апалар
Бізде де сіздердей боламыз
Бөбекжай тынышын күзетіп
Ел алғысын аласыз
Қонысбай аға, Балзия апа
Сіздерге де мың алғыс!
Ән: «Тәрбиеші»
Аудандық «Айгөлек » балалар шығармашығында «Көркемсөз» оқу жанрында Батырбекұлы Айбатыр «Туған өлкем» Т.Молдағалиев
Ән «Жау жау жаңбыр» Болат Ляйсан Б.Бейсенова
Би: «Кемпірқосақ» Н.Мейірбекқызы
Тәрбиеші: Балалар алдымызда тағы бір аралға келдік, ол арал аты Мадақтау аралы деп аталады. Бүгінгі балабақшаны бітіейін деп отырған балаларымызға диплом және осы жылдары балабақша өміріне тікелей араласып өз көмектерін аямаған ата аналарға алғыс хат атпрсыру үшін ортаға балабақша меңгерушісі Қарлығаш Құрманбайқызын шақырамыз.
Тәрбиеші
Қарашы бүгінгі күн қандай
Қаласың қалайша нұрланбай
Вальс билесе түлектер
Жер шары айналып тұрғандай
Тәрбиеші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңнен нұр тұнды
Бізден ұшып қанат қағып есейдіңдер
Өздеріңнен қошатасатын күн туды
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар
Жүректерден арман отын жағыңдар
Жақсы оқып алтын ұя мектепте
Бұл өмірде бақыт жолын табыңдар!
Ән: «Қош бол, балабақша»