Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Жас дәурен» бөбекжай бақшасы»

 Өткізген тәрбиеші А. А. Жұмабаева

2025 жыл

 

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.  Бүлдіршіндердің тілдік, сөздік қорын байыту.

Көрнекіліктер: ҚР Рәміздерінің суреттері, Елбасымыз Қасым Жомарт Кемелұлының суреті тұңғыш елбасымызНұрсұлтан Назарбаевтың суреті.

Әдістәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

ҰОҚ барысы: Шеңберге тұрып «Шаттық шеңберін» ұйымдастыру.

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы

Көп танысты көреміз

Алдымыздан кезіккен

Бәрінеде ізетпен

Иіліп сәлем береміз

Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі:

Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізді Қазақстан Республикасының әнұранымен бастайық.

ҚР әнұраны орындалады.

Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше. Балалар, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесі.  Біз аспаны ашық, сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз.

Ол ел –Қазақстан

Біздің еліміз қалай аталады?

-Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Отанымыз, жеріміз Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады екен. Біздің еліміз осы күнге дейін Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Күні бүгінде Қазақстан Республикасын бүкіл әлем мойындады. Әр адамның өз Отаны, атажұрты, мекені, қонысы болады екен. Ал, біздің Отанымыз Қазақстан деп аталады екен.

Рәміздерімізге нелер жатады.

Балалар ту  әнұран елтаңба жатады

Көк туымызда не бейнеленген.

Көк ашық аспанды білдіреді.  Қыран құс-еліміздің  тыныштығы мен тәуелсіздігінің белгісі. Ою-өрнек  қазақ халқының өнерінің, шеберлігінің белгісі.

Балалар ал мынау не?

Балалар:   Елтаңба.

Бұл Қазақстан Республикасының Елтаңбасы.

Шаңырақ-Қазақстан  атты үйіміздің жарық түсетін саңлағы. Арғымақ- еркіндіктің белгісі. Масақ- тоқшылықтың белгісі. Жұлдыз-жол сілтеуші жарық белгі.

Тәрбиеші: , Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстық.

Пазлдарды құрастырып көрейік ненің бейнесі шығады екен.керемет балалар ненің бейнесі шықты күннің тудың бәйтеректің бұркіт құстың бейнелері шықты.

Көктудың суретіне бояуды құйып тұтекше арқылы ұрып бояимыз.

Тәжіре жасайық балалар мөлдір суымызға көк түсті бояуды құйсақ мөлдір суымыз кандай түске айналды көк түске айналды көк туымызға ұқсадыма

балалар иа көк туымыз шықты.   жарайсыздар балалар.

Қорытынды; кері сұрақ жауап алу

Хормен ; Түрім қазақ тілім қазақ мен тілімді қолдаймын

Елім қазақ жерім қазақ мен жерімді қорғаймын.