Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Жас дәурен» бөбекжай- бақшасы»

Тақырыбы;    «Үй жануарларды қамқорлық жасаймыз»

 Өткізген тәрбиеші А. А. Жұмабаева

2024 – 2025 жыл

 

Мақсаты, міндеттері;

Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту үй жануарларының төлдерін ажыратуды олардыңпайдасы жайлы түсінік беру өз пікірлерін айта білуге үйренту үй жануарларына байланысты тақпақ мақал мәтелдерді қайталай отырып сұрақ жауап арқылы тіл байлығын дамыту

Төрт түлік малды күте білуге, сүйе білуге, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру бөлімі

Қайырлы таң ,балалар! Бүгінгі күн қандай керемет! Кәне, барлығымыз бір бірімізге көтеріңкі көңіл күй сыйлайық

Топ болып балалар Әжейдің үйіне   барып сол жақта үй жануарларың танысып келейік.

Әжейдің үйіне жетем дегенше Қошақан әнін айтып барайық .

Төрт түлікпен танысу

Әңгімелесу сұрақ жауаптар.

Балалар біз қайда келдік?

Балалар жауабы Әжейдің үйіне келдік.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр, шешуін  кім табар екен

Кезікті бір жануар

Үстінде екі тауы бар

Ол не — Түйе

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар

Ол не — Қой.

Өзі сұлу өзі жүйрек

Жарысады желменен.

Ол не- Жылқы

Балалар  үй жануарлары төрт түлікке не жатады?

Түйе, сиыр, қой, ешкі ,жылқы

Төрт түлік  қалай дауыстайды?

 Түйе боздайды :бө- бө- бө,

Жылқы кісінейді иго- иго- иго,,

Сиыр мөңірейді- мө -мө- мө,

Қой маңырайды ме- ме-ме,

Ешкі маңырайды ме -ме- ме.

Төрт түлік мал туралы мақал мәтелдер ;

Мағжан

Мал өсірсең ,қой өсір

Өнімі оның көл көсір

Иса

Сиыр малдың сүттісі

Қой түліктің құттысы.

Перизат

Малды баға біл

Бабын таба біл .

Таңсұлу;

Жылқы малдың патшасы

Түйе малдың  қасқасы

Әже бізге қоржын берді ,оның ішінде хат бар және базарлығыда бар екен .

Хатта тапсырмалар бар екен,

Мен казір оқиын .

Балалар төрт түлік жануарға шөп салып, жем беріп, су беріп, сиырларды сауып берсеңіздер.

Кінекей балалар сиырға шөп берейік, қойға жем береміз су әкеліп суарамыз .

Қыздар сіздер сиыр сауыңдар,  құрт жасап, жұмыртқа жинайық.

Балалар , осы төрт түлік мал адамға не береді ?

Сүт ,ет, жүн, тері береді.

Түйенің сүті қалай аталады?

-Шұбат

Жылқының сүтін қалай айтамыз ?

-Қымыз

Сиырдың ,қойдың ,ешкінің сүтінен не жасалады ?

Май, құрт, айран, ірімшік, қатық ,қаймақ сүзбе .

Қой ешкі түйенің жүнінен не жасайды ?

Жіп ,киім тоқиды ,көрпе жасайды.

Неге біз оларды үй жануарлары дейміз ?

Өйткені,олар үйде тіршілік етеді.

Біз оларға қалай қамқор боламыз?

Су ,жем, шөп беріп қамқор боламыз.

Төрт түлік малға арналған тақпақтар ;

Сапар

Шөре шөре лағым,

Тентек болма шырағым

Секектеме деміңді ал

Селтеңдемей құлағың.

Раяна

Әукім әукім әукешім

Қасиыншы әукесін.

Енең әне келеді

Ақмамасын береді,

Ержігіт

Кіп кішкентай момақан

Қошақанды ұнатам

Сүйеді анам қозы деп

Қошақаным өзін деп,

Ясмина

Қара көзің мөлдіреп

Өызықтырмай қоймайды

Жібек жүнін үлберіп

Өарасам көз тоймайды.

Дидактикалық ойын: «Төлін тап »

Шарты ; Суретте үй жануарлары мен төлдері бейнеленген, қарындашпен сызықтар арқылы төлдерін белгілеуді ұсынады.

Сергіту сәті

Топ топ етіп басайық

Ауылға біз барайық,

Қозыларды санайық

Бір екі үшдеп

Алақанды соғайық

,Бір екі үш деп

Қораларға қамайық.

Тәрбиеші; Балалар ,біз бүгін төрт түлік малға не жатады?

Қандай жаңа сөздермен таныстыңдар ?

Кісінейді ,мөңірейді, боздайды ,маңырайды.

Осы тапсырмалардың бәрін Әжемііз қоржынына салыпты сендерге алғысын білдіріп дәмді құртын беріпті .Ал ,енді Әжеміздің үйінен тобымызға қайтайық .қайтарда Қошақаным деген әнді айтып айтайық.