Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Жас дәурен»  бөбекжай бақшасы»

 

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Балапан тобы

Өткізген тәрбиеші: Аманбаева С.

2024-2025 жыл

Күні: 5.12.2024жыл

          Ұйымдастырылған іс-әрекеттің тақырыбы: «Ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу»  

Мақсаты: Балаларға қазақтың салт – дәстүрлері туралы түсінік беру, ұлттық

                   құндылықтарды баланың бойына сіңіру.Асықтармен, оюлармен мен

                    ұлттық ойындар ойнау.

Тәрбиеші:  Балалар, бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

Табиғат бұрышына бару.

-Балалар, бүгінгі ауа райы қандай?

Балалардың жауабы.

Жыл мезгілдерінің ішінен қыс мезгілін табу.

Келесі бұрышқа саяхат жасайық.

Қазақ бұрышы.

-Балалар, біз бұл жерден ненің көрінісін көріп тұрмыз?

-Балалардың жауабы.

-Киіз үй, қыз бен ұл.

-Біздер әжеге қонаққа келдік.

Бәріміз жайғасып отырып алайық.

-Балалар, сендер  қазақтың салт-дәстүрінен қандай дәстүрлерді білесіңдер?

-Шілдехана, бесік той, тілашар, пішпе той.

Көрнекіліктерді көрсету.

-Балалар, мына менің қолымдағы не нәрсе, кім біледі?

-Асық.

Асық жөнінде айту, түсіндіру.

-Олай болса менімен ойын ойнайсыңдар ма?

 Ойын: «Түрлі-түсті асық»

Ойынның шарты: Асықтарды түсіне қарай топтастыру.

-Балалар, маған қараңдаршы, менің қолымдағы не нәрсе?

-Қазақтың оюлары.

Тәрбиеші қазақтың ою- өрнегі  туралы түсінік береді.

-Балалар, олай болса осы қазақтың ою-өрнегіне байланысты ойындар ойнайық.

Ойын: «Оюды дәл тап»

Ойынның шарты:Балалар бірдей оюларды тауып, үстінен секіреді.

Асықтармен  ойын: «Асықты әсемдейміз»

Ойынның шарты:Ермексазды алакан арасына салып, домалақтап, асықтың түсіне қарай жапсыру.

-Балалар, бүгін біз қайда қонаққа бардық?

-Әжеге бардық.

-Онда нелермен таныстық?

-Қазақтың салт-дәстүрлерімен,асықтармен, оюлармен.

-Біздер не ойнадық?

-Асықтармен, оюлармен ойын ойнадық.

-Бүгінгі іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?

-Сендер іс-әрекетке өте жақсы қатыстыңдар, бәріңе көп рахмет

Алғыс саған алтын күз.

Бір уыс дән шаштықта

Қап-қап қауын алдык біз.

Осымен күз мезгіліне арналған ертеңгілігіміз аяқталды, бәріңізге көп рахмет.

Сау болыңыздар.