Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

2023 жыл

 

Балалар  музыка  әуенімен  залға кіреді.

Тәрбиеші: Нұрландырып маңайды

Шырша  шамы  жағылсын.

Жаңа жылдың құрметіне

Ақ тілектер ағылсын!

Шырша шамын  жағу сәті.

Ән. «Шырша»

Енді ойын ойнайық: Ойын «Қар жинау» деп аталады.

Осы кезде музыка  әуені мен билей басып түлкі келеді.

Түлкі: Мен түлкімін , түлкімін

Тұнып тұрған   күлкімін

Бұлаң,  бұлаң құйрығым.

Теккке өтпейді бір күнім

Аяз ата  мұнда келмейді.

Сендерге   сыйлық  бермейді.

Балалар:  Қалайша?

Түлкі :  Аяз аталарың  адасып кетіпті,

Сендерді таба алмай.

Үйіне  қайтіп жетіпті.

Тәрбиеші: Бұл қалай болады? Думанымыз  Аяз атасыз  қалай өтпек?

Түлкі : Жарайды,  мен  кетейін. (билей басып  кетеді)

Тәрбиеші: Балалар  уайымдамаңдар. Аяз  атамыз келеді, бізге сыйлық береді. Бұл  түлкінің кезекті бір қулығы болар.

Балалар  біз қарап тұрмай. Бәріміз   бірге дауыстап .Аяз ата мен   Ақшақарды  шақырайық.

Балалар: Аяз ата, Ақшақар! Әуен ойналады.

Залға  Аяз ата мен   Ақшақар кіреді. Балалар  қошеметтеп  қарсы алады.

Аяз  ата: Амансың  ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай  мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр –ау демалғым.

Аяз ата: Ой , айлалайындарым  ай, сендерге келуін келдім, бірақ  қапшық  толы сыйлығым ұшты – күйлі жоқ болып кетті. Осында келе жатып жоғалтып   алдым. Енді  не істесем екен? Осы кезде қапшық толы

сыйлықты алып түлкі келеді.

Аяз ата : ә, енді есіме түсті, қу түлкі . Жолда мана өлген болып жатып қапшығымды қымқырған екенсің ғой. Түлкінің мұнысы дұрыс па , балалар?

Балалар : жоқ

Түлкі : Қулық сұмдықты жоямын

Өнерге ден қоямын

Аяз ата мені кешірсе

Сыйлығына тоямын.

Аяз ата : Онда айыбыңды өтеп,өнеріңді көрсет.

Түлкі : Достарым менің келіңдер,

Бірге билеп көріңдер

 

Би: Джингл белс

Ескі қоян жылын қарсылайық. Бір жыл бойы сендер мен,

Бірге жүрдім ойнадым.

Енді міне, балалар

Кезек келді қоштасар.

Ендеше балалар Жаңа жылды қарсы алайық

Жаңа жыл :

Мен жаңа жылмын,

Мен жаңа нұрмын

Нұрымды да себейін.

Жырымды да төгейін.

Тәрбиеші : Аяз ата арналған балалар тақпақтары :

Ж.Көзайым : Жаңа жылмен , жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрінде.

Аяна : Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді,

Бізге қарай жылыстап.

Айым: Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келеді

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іледі.

Ясмина : Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап,

Шаттанамыз бәріміз.

Ержігіт: Аралайды бақшаны,

Үзілмейді жақсы әні.

Гүлденеді бақшалар,

Жауса жаусын ақшақар.

Қ.Көзайым: Жаңа жылда жаңаша,

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша,

Аппақ Аяз атамыз.

Омар : Далада қар борайды,

Ақ мамыққа  орайды.

Мұз болады қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Ұлжан : Аяз  келді қаһарлы

Айналарын қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр,

Дәл атамдай салмақты

Фатима: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Перизат : Аққырауға малынған, Сақалы да мұрты да

Аяз ата сағынған,

Сәлем берді жұртына

Інжу: Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің ба аман алыстан

Сәлем аяз атамыз.

Ән : Хор «Жаңа жыл жыры»

Осымен жаңа жылға арналған ертеңгілік аяқталды .