Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

 «Жас дәурен» бөбекжай бақшасы»

Тақырыбы:  «Жол тәртібін біліп жүрейік» атты ойын-сауық                       іс-шарасын ұйымдастыру

 Өткізген тәрбиеші А. А. Жұмабаева

2024 – 2025 жыл

 Мақсаты:

Балаларды жол жүру ережелерінің негізгі элементтерімен таныстыру.

Бағдаршамның түстерін ажыратуды және олардың мағынасын түсіндіру.

Балалардың тәртіптілік және қауіпсіздік дағдыларын дамыту.

Тәрбиеші; балаларды шеңберге отырғызып, жол тәртібінің маңыздылығы туралы қысқаша түсіндіреді.

«Балалар, сендер көшеде жүргенде қандай ережелерді білу керек екенін білесіңдер ме? Жолда қауіпсіз болу үшін біз ережелерді сақтауымыз керек. Бүгін соларды бірге үйренеміз!»

Бағдаршам ойыны:

Тәрбиеші бағдаршам макетін көрсетіп, оның үш түсін түсіндіреді:

Қызыл – тоқта.

Сары – дайындал.

Жасыл – жүр.

Балалар орнында отырып, түстерге сәйкес қимылдайды:

Қызыл – қатып тұрады.

Сары – алақандарын шапалақтайды.

Жасыл – жүгіреді.

«Жол белгілерін тап» ойыны:

Балаларға әртүрлі жол белгілерінің суреттері немесе макеттері көрсетіледі ( жаяу жүргінші өтпесі, тоқта белгісі, велосипед жүретін жол).

Балалар жол белгілерінің мағынасын айтып, оларды дұрыс орнына орналастырады.

«Көлік жүргізушісі» ойыны:

Балаларға ойыншық көліктер беріліп, жолдың суреті салынған алаңда дұрыс жүріп, жаяу жүргіншілерге жол беруге үйретіледі.

Балалар  тақпақтары,

Ержігіт

Ашса кезек үш көзін

Айтты деп ұқ сөзіін

Тоқта

Сақтан

Жол ашық

Жүрме жолға таласып

Ясмина

«Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзі ашқанда,

Қарап қалма аспанға

Раяна

Жасыл көзі жанғанда,

Өте берген жасқанба

Көзін ашып -жұмады

Бағыт сілтеп түрады.

Балалар бірге ән айтады.

Бағдаршам әнімен сергету ;

Қорытынды;:

Тәрбиеші балаларды мақтап, жол тәртібін сақтау қажеттігін тағы бір рет еске салады.

Іс-шараны ойын формасында өткізіп, балаларға кішігірім сыйлықтар (жол белгілері бар стикерлер немесе медальдар) беру олардың қызығушылығын