Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Жас дәурен» бөбекжай-бақшасы»

«Айгөлек»  ересек  тобында  өткізілген  ойын- сауық

Тақырыбы:

«Жол ережесін сақтайық»

 

                                                                         

                           Өткізген тәрбиеші: З.Копжасарова

 

                                     2024-2025оқу жыл

                                     Мақсаты:

Балаларға  жолда жүру ережесін үйрете отырып,жол белгілерімен жолда жүру тәртібін таныстыру.

Бағдаршам жарықтарына талдау жасату

арқылы,байқампаздыққа,жауапкершілікке,қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Еске түсіру,ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік:Бағдаршам,жол белгілері макеттері,суреттер.

Өткізілу барысы:

— Балалар,бүгін біз «жолда жүру ережелерін қаншалықты білеміз», «оларды қалай меңгергенбіз», «өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба?»-сол жөнінде ой бөлісеміз. Сонымен қатар жолда дұрыс жүрудің үлгісін көрсетейік.Балалар біздерге жол инспекторы келіпті.Біз оны ортаға шақырып сөз кезегін берейік.

Жол инсекторы келіп балалармен амандасады,балаларға жол тәртібі туралы айтып өтеді.

Ғани:

Арманға алда күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басыламыз!?

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Тәрбиеші:

-Ендеше «Орман жануарларының қателігі»көрінісін тамашалаңыздар.

(Сахна ортасында үйдің іргесінде қызыл крест белгісі және «Шипагер атаның үйі»деген жазу бар.Сахнаның қалған жерлері көшелердің көріністері,түрінде жол белгілерімен бағдаршаммен безендірілген.Есік алдындағы жұмыс үстелінде Шипагер ата рентген суреттерін қарап отырады)

Жеңіл музыка ойнап тұрады.Қасында жас инспектор формасын киген қыз шығады.

Жол инспектор-Ляйсан:

Атай, қараңыз мына бір сұмдықты!

Мына түлкі мен қоянға не болған?

Кім оларды қынжылтты?

(қоян құлағын ұстап,түлкі ақсап келе жатады,шипагер атай мен Ляйсан шошына қарсы алады)

Түлкі-Самал:

-Жүгіріп екеуіміз ойнадық қуыспақ

Ал қоян көшеге жөнелді

Қоянды қуам деп тапқаным ,

Құйрықты әрең деп сақтадым.

Қоян-Фарида:

Ауладан шап беріп алмақшы қу ұстап

Аула тар болған соң,қайтейін мен енді?

Машина алдынан жүгіріп өткенде ,

Құлақты бір темір зақымдап кеткені.

Шипагер атай-Гүлзада:

-Құлақ пен құйрыққа жағатын бір дәрі бар,

Ереже бұзғанға қоятын екілік тағы бар.

Шипагер атай-Гүлзада: (басын шайқап)

-Мыналарды мен тез ауруханаға жеткізейін (алға асыға жүріп тоқтайды да залда отырған балаларға қарап)

-Балалар ,көрдіңіздер ме  жолда ойнағанның кесірін. Мына сотқарлар жол ережесін білмегендіктен осындай күйге түсіп қалған.Жол жүру,көшеде сақ болу ережелерін  балалардың есіне қалатындай ойын-сабақтар өткізуді өзіңе тапсырамын Ляйсан қызым.

(хайуанаттарды ертіп шығып кетеді,сахна сыртынан жедел жәрдемнің сиренасы естіліп алыстай түседі.

Жол инспектор-Ляйсан және

Бағдаршам және жол белгілерін ұстап алған балалар  ортаға шығады

Бағдаршам-

Диас:

Бұл сақшының үш көзді,

Үш көзден ұқ, үш сөзді.

Ашса сақшы үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін

Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Кәусар:

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға,

Сары көзін ашқанда.

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Жүре бергін жасқанба!

Сақтандыру белгісі-Жәдігер:

Қып-қызыл үшбұрыш-

Ескерту белгісі мен болам.

«Қауіптен сақ бол» деп,

Сәт сапар жолдаған.

Аман-сау жүреді жаяу да,көлік те,

Мен берген белгіні сақтаған,қолдаған.

Тыйым салу белгісі-Аяла:

Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге!

Қауіп бар,бағдарла,көз салып жан-жақты.

Міндеттеу белгісі-Абдурахман:

Белгімін көрсетер,жылдамдық,бағытты,

Міндетті бұрылыс,әйтпесе,қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолында,

Абай бол, шартыңды орында.

Нұсқау белгісі-Көзайым:

Баратын жерінің бағытын,тұрағын,

Үн-түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын.

«Жол ережесін білесің бе?»әні

Тәрбиеші:

— Балалар, сендер осы уақытқа дейін жол ережесі туралы көптеген мағұлмат алып жүрсіңдер.

 (Жол ережесіне арналған бейнелі суреттермен жұмыс)

1.Жолдан өткен кезде жаяу жүргіншілер жолымен жүру керек.

2.Велосипедпен жүрсең де көлікпен жарыспай,осы жолмен өту қажет.

3.Көшеге шыққанда жиекжолдың оң жақ шетімен жүр.

4.Көліктер жүретін жолмен,жол сақшысының ескертуіне қарамастан,жолдан жүгіріп өтуге бола ма екен?

5.Көлік көп жүретін жолдың бойында футбол ойнауға бола ма?

Ең бастысы,көшеге шыққан кезде әр жерде тұратын жол белгілеріне назар аудару керек.

Ойын: «Мен жүргізушімін»

Шарты:Балалардың жылдамдығын,шапшаңдылығын көрсету.

Тәрбиеші:

-Құрметті  Ляйсан  Әлібиқызы, уақытыңызды бөліп,балаларға жол ережесі туралы қызықты мағұлматтар беріп, ақыл кеңес айтқаныңыз үшін сізге алғыс айтамыз. Жұмысыңызға табыс тілейміз.

Қай көшеге,қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жолда жүру ережесі заңды тәртіп,

Ол-ортақ,үлкен-кіші,баршамызға.

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменен,-дей келе,ойын сауығымызды  әнмен аяқтайық.

                «Бағдаршам әні»